Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


  Дәріс.  Ойлау  мәдениетінің  пайда  болуы



Pdf көрінісі
бет2/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

1  Дәріс.  Ойлау  мәдениетінің  пайда  болуы.
 
Философия  – 
дүниетаным ретінде 
1.1
 
Философияның пайда болуы. 
1.2
 
Философия пәнінің негізгі бөлімдері. 
1.3
 
Философиялық  дүниетаным  және  дүниеге  көзқарастың  тарихи 
түрлері. 
1.4
 
Философиялық білімнің ерекшелігі және функциялары 
1.5
 
Ұлттық және қазіргі заманғы философиялық ойлау ерекшеліктері. 
 
1.1
 
Философияның пайда болуы 
Философия  біздің  дәуірімізге  дейінгі  бірінші  мыңжылдықтың 
ортасында,  бір-біріне  байланыссыз,  дербес  және  тәуелсіз  түрде  Ежелгі 
Үндіде,  Ежелгі  Қытайда  және  Ежелгі  Грецияда  пайда  болды.  Және  барлық 
үш  аймақта  да  философия  –  мифология  негізінде  қалыптасты.  Бастапқыда 
философиялық  даналық-дәстүрлі  өмір  салт  пен  түсінікке  қарсы  бағытталған 
сын,  патриархалды  қағидалардың  әділдігі  мен  ақиқаттығына  білдірілген 
алғашқы  күмән  ретінде  қалыптасты.  Өйткені  табиғи  және  әлеуметтік 
шындықты  жеткілікті  түсіндіре  алмаған  діни-мифологиялық  сананың 
дағдарысы  кезеңінде  ақиқатты  жалпыдан,  табиғ  иды  жасандыдан  ажырату, 
жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. 
Дүние  және  адамды  рационалды  ұғыну  талпыныстары  алдымен  алғы 
философияға, содан соң философияға әкелді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет