Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

3)
 
Ештеңенің қызметтері: 

 
алғашқылық, ілкі бастамалылық ретіндегі  детерминистік қызметті 
қамтиды; 


40 
 

 
болмыстың шынайы өмір сүретінінің бұлжымас дәйекті дәлелдеушісі 
(верификатор); 

 
аксиологиялық қызметі, 
яғни  бар  болу  құндылығының  мәнін 
ұғындырады, болмыстың мағынасын ашады; 

 
болмыстың 
жойылуын  қамтамасыз ететін 
терістеуші 
(фальсификатор); 

 
бастапқы   болмыстың  бар   болуын 
және  одан  кейінгі  түрлерінің 
қалыптасуын қамтамасыз ететін «іске асырушы» (реализатор); 

 
болмыстың 
өзге  түрге айналуын,  түрленуін  қамтамасыз ететін 
айналмалылық қызметі (трансформаторлық); 

 
бостыққа  медитация  жасау  арқылы  антропологиялық,  терапиялық, 
этикалық,  перфекционистік  шарттарды  психологиялық  тұрғыдан  реттейді 
(регулятор); 

 
креационизмдегі  бастапқы  жоқтық ретінде,  теодицеяда  зұлымдықты 
Ештеңеге теңестіруде т.б қажет орын толтырушылық (компенсатор); 

 
құдайтанымның 
құралы, 
оккультизмдегі 
сүйенер 
нысана, 
тылсымдықтың барлығын асқақтандыру үшін құрал (инструменталдық); 

 
абсолюттіліктің  идеалы,  мән  болуға  үлгі  болатындай  жолбасшы 
(әдіснамалық); 

 
құдай,  рух,  әлемдік  ақыл  сияқты  тылсымдылықты  асқақтандырып, 
танылмайтындықты жамауда оған нәр беруші (эстетикалық); 

 
субстанция,  абсолют,  түп  болмыс,  бастапқы  хаос,  алғашқы  мән  т.б. 
қызметтер атқарады (субстанционалдық); 

 
мүмкін болмыстың «қоры», тіршілік етуге ұмтылыстың нұсқаушысы 
(витальдік); 

 
Ештеңені толғану арқылы таным мен ақыл қуатын қанағаттандырады 
(интеллектуальдік) т.б. 
4)
 
Ештеңенің  анықталу  сәттері  мынадай:  уақыт  пен  кеңістік 
бойынша. 
Мәселен, болмайтын және болмаған уақыт, бір нәрсенің белгілі бір 
жерде  өмір  сүрмейтіндігі,  қозғалушы  дененің  орнынан  ығысуы  т.б. 
Космогенез  бойынша 
дәйектелген  әлемнің  жаратылуы  туралы  ғылыми  және 
діни 
тұжырымдамалардағы 
алғашқы 
«бостық», 
«Ештеңе», 
«таза 
Бейболмыстық  хаос»  түсініктері  осы  Ештеңенің  анықталу  сәтін  белгілейді. 
Бейсана  бойынша: 
мифтік  оқиғаларда,  түс  көруде  барынша  анық 
айшықталады.       
Холизм        бойынша:       
әлемнің        тұтастығы        мен    
Ештеңенің  «болмыстан артық немесе тең» деп көрсеткен ұстаным арқылы  – 
«болмысқа  дейін,  оның  ішінде,  одан  кейін»  болып  табылатын  екеуіне 
ортақ  эволюция негізіндегі көрініс. 
Таным бойынша: 
«адасу – Бейболмысқа 
алып  келеді»  деген  қағида  арқылы,  егер  де  адасу  шынайы  және  нақты,  бұл 
дүниедегі құбылыстар мен шындықтарға сәйкес келмейтін болса, әрине, өзге 
болмыс  немесе  Бейболмыс  болып  табылады.  Метафизикалық 
категориялар 
арқылы
: мүмкіндік, өлім т.б. Бұл тұстағы мүмкіндік болмысқа өтпеген, бірақ 
өтуі  мүмкіндіктердің  жалпы  жобасынан  құралады  және  Ештеңеге  өтуі 
мүмкіндердің, болмыстан жоғалуы тиістердің тізбегін жасайды. 


41 
 
5)
 
Тану  әдіснамасы: 
Герменевтикалық  –  түсіндіруге  жатпайды, 
өзінен-  өзі  түсінікті,  герменевтикалық  шеңбер  туғызады.  Психологиялық  – 
бостық  медитациясы,  рефлексия,  нирвана  т.б.  Эмоционалдық  –  үрей, 
қараңғылық,  тұңғиық,  экзистенциалистік  көңіл-күй  т.б.  Діни  әдіснама 
бойынша,  Бейболмыстық  пантеизмді  атап  көрсетеміз.  Құдайтанымдағы  оны 
бар  да  емес,  жоқ  та  емес  қылып  бейнелеп,  тылсымдығын  көрсету  нұсқасын 
Ештеңеге  қолданып  жобаланады.  Баламалық  –  плюралистік  таным,  дүние 
өмір  сүреді  және  өмір  сүрмейді  деген  жобаны  нұсқайды.  Метафизикалық  – 
«өзі-үшін-  Ештеңе»  деп  тұтастандыру  нұсқасы,  түпкі  абсолюттілік, 
бастапқыны  іздеу.  Диалектикалық  –  болмыстың  болуымен  салыстыру, 
меннің  болуы  т.б.  Онтологиялық  –  Ештеңе  болмысы,  жоқ  болмыс  т.б. 
атаулар,  Ештеңені  философиялық  негізде  саралаудың  мағынасын  ашады. 
Ештеңені  тану әдіснамаларының бірі  –  жобалау, модельдеу, елестету тәрізді 
жалпы  ғылыми  әдістер  арқылы  конструкциялау.  Физикалық-тәндік  әдіснама 
–  көне  Қытай  философиясындағы  адамның  жекпе-жек  өнерінде 
биофизиологиялық жетілуінің жоғары деңгейі де бостықпен, яғни Ештеңемен 
психологиялық трансқа түсуге алып келеді. 
6)
 
«Ештеңені  зерттеудің  теориялық  деңгейі  ғылым  үшін  қандай 
маңызды  зерттеулерді  алға  қоя  алады?»  деген  сауал  бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет