Әубәкір Жүнісов- 1916 жылы Қарқара көтерілісіне қатысқаны үшін тұтқындалып, өлім жазасына кесіледі. Кейін бұл жаза жеңілдетіліп, 1-дүниежүзілік соғыс майданының алдыңғы шебіне жіберіледі. Майданнан оралғаннан кейін Жаркент қаласында Босқындарға жәрдем көрсету жөніндегі Түркістан комиссиясында жұмыс істеді. Жаркент уездік, қалалық милиция бастығының орынбасары ретінде 1921 жылы атаман Дутовтың көзін жою операциясына қатысты. Бұл оқиға “Атаманның ақыры” көркем фильмінде бейнеленген. 1922 – 24 жылы Тұзкен болысының (бұрынғы Кеген ауданы) халық сотында судья болды. 1924 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы сотының мүшесі, облыстық адвокатура коллегиясының төрағасы қызметін атқарған.