Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих
МЕК СҰРАҚТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
«Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа 


56 
мүмкіндіктері»
атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекшелігі - алдыңғы 
онжылдықты қорытындылай келе, Қазақстанның болашақ онжылдығының, 
яғни Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын анықтап 
беруінде болды. 
2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан 
Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу 
– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және 
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру 
үшін әзірленген. 
Бағдарламаның 
мақсаты 
экономиканың 
шикізаттық 
емес 
секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін 
қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты 
жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. 
3. Қазақстанның индустриалды-инновациялық бағдарламасы негізінен 
жалпы экономикалық өсуге бейімделген. Аталмыш бағдарлама мемлекеттің 
белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы құнды өнім өндіру және шетелге 
шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және 
ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы 
шарттарын 
дайындау 
арқылы 
тұрақты 
экономикалық 
дамуды 
қалыптастыруды көздейді. Осы онжылдық бас жоспар екібесжылдық кезеңге 
бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде2010-2014 жылдарға арналған 
индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасықолға алынды.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық жеделдаму 
бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін 
жеткізуді көздеді.
Қазақстан 
Республикасының 
президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
ел 
экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым 
бағыттарды айқындап берді. 
Осы орайда индустриялдық–инновациялық бағдарламаны үш кезеңде 
іске асыру көзделген.
Бірінші кезең
– 2003-2005 жылдарға жоспарланған.
Екінші кезең
2005-2010-жылдар.
Үшінші кезең
- 2011-2015 жылдарға жоспарланды. 
Негізгі күтілетін нәтиже
- экономиканы әртараптандыру, жаңғырту 
негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң 
бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз 
етуге ықпал етуi тиiс. 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы 
жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. 
Жолдауды іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 
Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша 
бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты 
іске асыруға бағытталып отыр. 


57 
«Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстардың 
алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуді 
көздейді. Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республиксының Ұлттық 
қорынан 2015 жылы – 796 млрд. теңге, 2016 жылы – 379 млрд. теңге, ал 2017 
жылы – 3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау 
жоспарланған. «Нұрлы жол» бағдарламасы негізгі екі блоктан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет