Коммерциялық емес


дәріс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих

7 дәріс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының
қалыптасуы 
1 «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң. Тәуелсіз 
Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. 
2 Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске 


45 
асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен шешімдер. 
3 ҚР Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: 
«Қазақстан-2030». 
Дәрістің 
мақсаты:
Қазақстан 
Республикасының 
тәуелсіздігін 
жариялауы және келешек дамуының стратегиясы мен дүние жүзілік 
қауымдастықтағы ішкі-сыртқы саясаты және өзіндік даму жолын 
қалыптастыру тарихын талдап түсіндіру. 
Дәрістің 
мазмұны:
Қазақстан 
Республикасы 
тәуелсіздігінің 
жариялануы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және ҚР 
Президентінің елдің стратегиялық даму бағытын айқындап берген тұңғыш 
Жолдауы – «Қазақстан - 2030» Стратегиясы мәселелері қарастырылады. 
1. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл 
күйреуі жағдайында 1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ 
КСР-ніңмемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бұл 
Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен Қазақ КСР 
арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика
әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалык, әлеуметтік және 
мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; 
Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының 
қолданылуын тоқтатуға құқылы; Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына 
қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесініңкелісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери 
құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің 
дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын 
ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің 
мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық 
шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз 
болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді. Егемендік алу 
Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, 
мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы 
және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне 
жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер 
республика парламенті 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның 
«Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру 
және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен 
қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. 
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика 
Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз 
еркін білдіруі арқасында Н.Ә. НазарбаевПрезидент болып сайланды.
Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік 
қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның 


46 
мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа 
бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына 
беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін 
қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын қоры мен алмас қорын жасау 
туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш 
алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О. 
Әубәкіров ұшты. 
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы 
болып өзгертілді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Заңның 
бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсізмемлекет деп жарияланды.
Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз 
сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен 
халықаралық құкықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп 
көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның 
біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі 
және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика 
азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке 
жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын 
қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей 
міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі 
мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін 
құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, 
оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 
желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Өзінің 
тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі 
таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, 
Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.
Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға 
кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық 
ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке 
қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық 
келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды. 
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер 
тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің 
тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін 
сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты 
міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі 
дамытып, алдыңғы катарлыөркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің 
қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты 
болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды 
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялык, 


47 
құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде саяси 
партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы 
органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың 
дамуына көп көңіл бөлінді. 
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, 
мақсат-мұратын білдіретін мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, 
асқақтата дәріптеу қазақстандық әрбір азаматтың ең қымбатты борышы.
Елтаңба, Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі.
Қазақстан Республикасы туының авторы - Ш. Ниязбеков. Тудың 
біртүстілігі Қазақстан халқымың бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика 
тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн - энергия 
көзі, байлықтың нышаны. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының 
авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, 
отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. 2007 жылы 7 
қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 
конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы 
Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа 
Әнұраны - жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы - 
Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы - Шәмші Қалдаяқов. Жаңа 
Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. 
Назарбаев тарапынан толықтырылды. Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 
маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бұл - Мемлекеттік 
рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген 
құрмет - отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі. 
Нұр-Сұлтан қаласы - егеменді Қазақстанның жаңа ел ордасы. 1997 
жылы Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев астананы Алматы қаласынан 
Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. 1998 жылы 6 
мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. 
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына 
балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә. 
Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің 
төрағасы Ғ.Е. Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. 
Назарбаев. Қазақстан Президентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 
проценті қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә. Назарбаев жеңіске 
жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған 
дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз 
дауыстарын берді. 
Қазақстандағы 
болып 
жатқан 
демократиялық 
өзгерістер 
1995жылықабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз 
егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі - 1993 
ж. қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен 
кемшілігібар еді. Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанды, 
көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 
21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 


48 
9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің экономикалық күш-қуаты мен 
мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік 
топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу 
ескерілді. Конституция бойынша Қазақстан Президенттік республика болып 
табылады. Жаңа Конституцияда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де 
жан-жақты көрсетілген. Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің 
тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. 2007 
жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Конституциялық 
реформалардың негізгі мақсаты - қоғамды одан әрі демократияландыру. Бұл 
жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мәні қандай? Біріншіден, 
президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне 
көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз 
өкілеттілігін Парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар 
өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзіреті едәуір кеңейтілді. Президенттің 
құзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға емес, 5 
жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен 
жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. 
Парламенттің мәртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді. 
Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мәселен, Мәжілісте енді 107 депутат 
болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық 
жүйемен жеке округтар бойынша емес, пропорционалды негізде партиялық 
тізім бойынша сайланады. Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген 
өзгерістерге сәйкес Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан 
сайланады. Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін 
тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банктің 
төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын 
тағайындау және оларды қызметтен босату жөнінде Президентке келісім 
береді. Сенат құрамы республика Президенті тағайындайтын 15 депутаттың 
есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан 
құралады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы еңқажетті жағдайда өтеді. 
Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа 
деңгейге көтеріледі. Мәслихаттардың бұл бағыттағы мәртебесі күшейтіледі. 
Жергілікті мәслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді.
Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылады. Жергілікті өзін-өзі 
басқарудың негізі мәслихаттар болатыны Конституцияда баянды етілген. 
Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар 
ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғары Сот 
Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі соттардың 
судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғары Сот Кеңесі жасайтын болады. 
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарийлердің 
ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел Президенті болып бір 
адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі 
күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш 


49 
Президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды. Тұңғыш 
Президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін 
бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін 
күшейту, республиканы бүкіл әлемге таныту жолындағы қыруар істеріне 
көрсетілген құрмет ретінде осындай қадамға барғанын депутаттар ашық 
айтты. 
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің 
төменгі палатасы - Мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары 
- облыстық және аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 
жылғы 21 мамырда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен 
байланысты болып, тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау 
пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу 
жолына түсті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш 
кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең -1993-1995 
жылдар аралығы болып, үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс 
болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға 
қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу 
мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. 
Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы 
саяси, әлеуметтік, экономикалық калыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз 
жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», 
«Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан 
көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған 
«есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсті. 
1993 жылы 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы - теңге енгізілді. Сөйтіп, 
біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны - ұлттық валютамыз 
теңгеге ие болдық.
3. Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған 
стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар «Қазақстан -
2030» ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды. 1997 жылдың қазан 
айында Президент Н.Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан - 2030» 
деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және 
жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы 
мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе «Қазақстан барысын» 
қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, 
әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ 
мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда 
елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді 
барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті 
басымдықты іске асыру көзделген. Олар:
- ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
- ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
- нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;


50 
- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 
- энергетика ресурстарын жете пайдалану; 
- инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту;
- демократиялық кәсіби мемлекетті құру. 
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға 
қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма 
елінің 
қатарына 
қосылуды 
көздейді. 
Реформалар 
стратегиясында 
экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын 
байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз 
жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы 
өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, 
парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін 
реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге 
саяды. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан 
халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін 
екендігіне сенім білдірілді.Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды 
іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының 
бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі 
күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-
стратегеиялық ресми құжат болып табылады.
Бақылау сұрақтары: 
1) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғышарттарын атаңыз. 
2) Қазақстанның өзіндік даму жолын қалай түсінесіз? 
3) Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламаның негізгі бағыттарын 
атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет