Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан территориясын арабтардың жаулап алуы.
Мамандығы 6В07127 – «автоматизация и управление»
Орындаған Тулегенов Диас Тобы АУк 22-5
(Аты-жөні)
Тексерген Раджапов.А.Ө
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
« » 2022 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2022
Жоспар
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------- 3
Арабтар ------------------------------------------------------------------ 4
Таң елі--------------------------------------------------------------------5
Аббасилер дәуіріндегі ислам дінін түркілердің қабылдауы және Атлах шайқасының маңызы----------------------------------------6-11
Шайқас нәтижесі------------------------------------------------------------12-13
Қорытынды-----------------------------------------------------------------14-15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------16
Кіріспе
751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы орта азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
Арабтар
661 жылы Омейяд әулетінің халифалары мемлекеттік төңкеріс жасады. Олар бұрынғы әулеттері жасап келген сыртқы жиһадшылық соғыстарын жалғастырды.Исламдық арабтар батыстағы соғыстарда 724, 728 жылдары түргештен және соғдылықтардан қатарынан жеңілді. Содан кейін 732 жылы Франкфурттағы Поатада үлкен жеңіліске ұшырауы Еуропаның тағдырын шешкен тарихи шайқас болды.Шайқаста Батыс Арабияның әскери шапқыншылығы христиан европалықтардың біріккен күшімен тоқтатылды. Жеңілген арабтар өздерінің астанасы Дамаскідегі халифасына күмәндана бастады.Талас шайқасынан бір жыл бұрын, яғни 750 жылы қаңтарда Араб империясының шығыс бөлігінде Түргеш-Соғдымен соғысқан Хорасан лагеріндегі арабтар көтеріліс жасап, Дамаск орталығына шабуылдап, Омеяд әулетінің халифасын өлтіріп, жаңа Аббасид әулетінен халифа тағайындады. Төңкеріс жасаған көтерілісшілер Хорасандағы әскери базасын Дамаскіге көшірді, бұрынғы халифатқа қарсы соғысты жалғастырды, негізгі әскери күштерін Соғдиядан қайтарып әкеліп, оларды батысқа жіберді. Осылайша, Хорасандағы негізгі армия батысқа жіберу арқылы Түргешке қарсы шабуыл тоқтады. Соғысқа жаңа кірген Таң әулеті арабтар өз әскерлерін шығарып алған шекара қалаларын тез арада басып алды. Алайда Таң елінің Шаш қаласындағы аяусыз қырғыны қала тұрғындарын арабтардан көмек сұрауға мәжбүр етті. Таң еліне қарсы Арабтар Тибетпен одақ құрып, біріккен күшпен солтүстікке беттеген жолда Талас аңғарында бетпе-бет кездесті.
Таң Елі
Таң елі араб шапқыншылығынан қашқан көптеген парсы және соғды босқындарын қуана қарсы алып, оларды мемлекеттік қызметте пайдаланды. Тибеттің иелігіндегі Балтильді (Памирді) 747 жылы Таң қолбасшысы Гао Сяньцзи екінші рет әрекетінде жаулап алды. Таң елі 748 жылы ұзақ жылдар бойғы соғыс салдарынан әлсіреген Түргешті басып алды. Келесі 749 жылы Тибеттің Таликан қаласын жаулап, өзіне қосты. Ол Ыстықкөлдің (Қырғыз) солтүстігінен айналып, Түргештің Суяб қаласын алып, арабтардың билігіндегі Шаш қаласына (Ташкент) жақындады. Ол қаланы басқарып отырған соғдылық басшыны келіссөздер жүргіземіз деп алдап қолға түсіріп, қаланы басып алады және қолға түскен Шаш қаласының басшысын Чаньаньдағы патшасына жіберді. Алданғанын біліп көтеріліске шыққан қала халқын генерал Гао Сяньцзи аямай қырып, қаланы қиратты. Қанды қырғыннан құтылып үлгерген Шаш қаласы әкімінің ұлы арабтан көмек сұрады. Осылайша, 751 жылдың басынан арабтар алты ай бойы жорыққа дайындалып, Тибетке бірге соғысуға ұсыныс жасады. Памир мен қалаларынан айрылып қалған тибеттіктер арабтардың ұсынысын қабыл алып, әскер жіберді. Таң генералы Гао Сяньцзи араб-тибет шапқыншылығын алдын ала болжап, біртұтас күшті тоқтату үшін өзіне тәуелді болған Көк Түріктің Қарлұқ аймағын және Шаш қаласының жауы Ферғанадан әскерлер шығартып, күшін қалыңдатып шайқасқа дайындала бастайды. Шілде айында арабтар мен тибеттердің бірлескен шабуылы басталып, Таң елінің шекарасынан өтіп, арабтар Шашқа және тибеттіктер Ферғанаға бір уақытта шабуыл жасады. Арабтар Шаш қаласын жаулап алып, алға беттеген кезде Талас өзенінің жағасында Тан-Қарлұқ әскерлерімен кездесті.
Достарыңызбен бөлісу: |