Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақсу қаласының Лицейі»
6 сынып оқушыларына арналған
«Менің өлкем» атты арнайы курсына
жасалған дидактикалық материалдар
Құрастырған:
қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Тоғжан Амангелдіқызы Калиякбарова
2016ж
Түсініктеме
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы–жеке адамның дарындылығын таныту»,-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.
Осы бұйрыққа сай қазақ тілі бойынша ұсынылып отырған бұл дидактикалық материал оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру,сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру мақсатын көздейді.
Бағдарламада көрсетілген білімді меңгерту, оқушылардың ойлау қызметін дамыту, өздігімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелеу ескерілді.
Жаттығу, тапсырма түрлері оқушылардың жасы мен ақыл-ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте-бірте күрделеніп, тереңдетіле берілді.
Жинақта белгілі лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қорытындылау, жинақтау, пысықтау көзделген. Мысалы: «Сұрақтарға толық жауап бер» тапсырмасы оқушыларды сөйлемді дұрыс саптауға, өткен грамматикалық тақырыптарды практикада сауатты, дұрыс пайдалануына көп көмек береді, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырады. Бұл тапсырманың қайталанып отыруы да сол себепті. Тапсырманы жазбаша да, ауызша да өткізуге болады
Жинаққа енгізілген тапсырмалар мұғалім оқушылардың тілді білу дәрежесіне,білім деңгейіне, мүмкіншілігіне қарай пайдалана алады, яғни жұмыс түрлерін оқушылармен жеке-жеке жүргізуіне, өтілген материалдарды жүйелі қайталауына болады.
Жинаққа енген материалды мұғалім үлестірме жеке тапсырмалар кестесі ретінде пайдалана алады.
6-сынып. І модуль. Мектеп өмірі. І – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап бер:
1. Сен қай мектепте оқисың?
2. Мектеп қай көшеде орналасқан?
3. Қандай пән кабинеттері бар?
4. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
ІІ. Грамматикалық тапсырманы орында:
Сөйлем мүшесіне талда: Еркебай қатты ұялды. Мектеп Дүйсенов көшесінде орналасқан.
Фонетикалық талдау жаса: шығарма
Мектеп туралы 2 мақал жаз.
Мына сөздерді аудар: произведение, библиотека, этаж, учитель.
6-сынып. І модуль. Мектеп өмірі. ІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап бер:
1. Сен нешінші сыныпта оқисың?
2. Мектебің неше қабатты?
3. Саған қазақ тілі қиын ба?
4. Қазір қазақша қалай сөйлейсің?
ІІ. Грамматикалық тапсырманы орында:
1. Сөйлем мүшесіне талда: : Күн суыта бастады.Жаңбыр жиі – жиі жауады.
Фонетикалық талдау жаса: мінез
Білім туралы туралы 2 мақал жаз.
Мына сөздерді аудар: класс, классный руководитель, расположен, библиотекарь.
6-сынып. І модуль. Мектеп өмірі. ІІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап бер:
1. Сен қай мектепте оқисың?
2. Мектеп қай көшеде орналасқан?
3. Қандай пән кабинеттері бар?
4. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
ІІ. Грамматикалық тапсырманы орында:
Сөйлем мүшесіне талда: Еркебай қатты ұялды. Мектеп Дүйсенов көшесінде орналасқан.
Фонетикалық талдау жаса: шығарма
Мектеп туралы 2 мақал жаз.
Мына сөздерді аудар: произведение, библиотека, этаж, учитель.
6-сынып. І модуль. Мектеп өмірі. ІҮ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап бер:
1. Сен нешінші сыныпта оқисың?
2. Мектебің неше қабатты?
3. Саған қазақ тілі қиын ба?
4. Қазір қазақша қалай сөйлейсің?
ІІ. Грамматикалық тапсырманы орында:
1. Сөйлем мүшесіне талда: : Күн суыта бастады.Жаңбыр жиі – жиі жауады.
2. Фонетикалық талдау жаса: мінез
Білім туралы туралы 2 мақал жаз.
Мына сөздерді аудар: класс, классный руководитель, расположен, библиотекарь.
ІІ модуль. Менің отбасым. І – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Сенің ата – анаң қай жерде жұмыс істейді?
3. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
4. Олар не істейді?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: пәтер
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: жаяу бару, аялдама
Мына сөздерді аудар: внук, юрист, педиатр, не очень
ІІ модуль. Менің отбасым. ІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Сенің ата – анаң қай жерде жұмыс істейді?
3. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
4. Олар не істейді?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: меншік
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: кішіпейіл болу, отырыңыз
Мына сөздерді аудар: свободно, скромный, пляж, песок
ІІ модуль. Менің отбасым. ІІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Сенің ата – анаң қай жерде жұмыс істейді?
3. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
4. Олар не істейді?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: құм
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: күнге қыздырыну, Ертіс жағажайы
Мына сөздерді аудар: замок, загорать, звонить, документ, до встречи
ІІ модуль. Менің отбасым. ІҮ– нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Сенің ата – анаң қай жерде жұмыс істейді?
3. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
4. Олар не істейді?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: төлқұжат
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: телефон шалу, жаңалық есту
Мына сөздерді аудар: замок, внук, считаться, новость
6- сынып. ІІІ модуль. Менің достарым. І – нұсқа.
І. Сұрақтарға толық жауап бер:
1. Сенің досың бар ма?
2. Оның аты кім?
3. Ол неше жаста?
4. Ол нешінші сыныпта оқиды?
5. Ол қалай оқиды?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Сөйлем құрастыр: оқу озаты, түйдей құрдас.
Фонетикалық талдау жаса: достық
Сөз құрамына талда: ісің, жақсымен, отбасым
Мына сөздерді аудар: дело, уважение, отличник учебы, шустрый
Сөз дегеніміз не? Мысал келтір
ІІІ модуль. Менің достарым. ІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға толық жауап бер:
1. Сенің досың немен шұғылданады?
2. Мінезі қандай?
3. Қай мектепте оқиды?
4. Досыңның мекенжайын жаз.
5. Ол қандай дос?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
1. Сөйлем құрастыр: ақкөңіл, қадір тұту.
2. Фонетикалық талдау жаса: мінез.
Сөз құрамына талда: көзі, қасиетін, уақытымызды.
Мына сөздерді аудар: не грубить, мягкий характер, вежливый,чуткий
5. Көп мағыналы сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
ІІІ модуль. Менің достарым. ІІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға толық жауап бер:
1. Сенің досың бар ма?
2. Оның аты кім?
3. Ол неше жаста?
4. Ол нешінші сыныпта оқиды?
5. Ол қалай оқиды?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Сөйлем құрастыр: мойындау, жұбын жазбау
Фонетикалық талдау жаса: ізет
Сөз құрамына талда: достықты, қастарына, саттың
Мына сөздерді аудар: светиться, обидеться, почет, отвернуться
Сөздің қандай мағынасы болады? Мысал келтір.
ІІІ модуль. Менің достарым. ІҮ – нұсқа.
І. Сұрақтарға толық жауап бер:
1. Сенің досың немен шұғылданады?
2. Мінезі қандай?
3. Қай мектепте оқиды?
4. Досыңның мекенжайын жаз.
5. Ол қандай дос?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Сөйлем құрастыр: елгезек, оқу озаты
Фонетикалық талдау жаса: қадірлеу
Сөз құрамына талда: достың, мінезі, себебін
Мына сөздерді аудар: ничего страшного, разведать обстановку, вежливый, чуткий
Үндестік заңының неше түрі бар? Мысал келтір.
6 сынып. ІҮ – модуль. Туған жерім.
І. Сұрақтардың жауаптарын табыңыздар.
1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
2.Қазақстанның қандай қалаларын араладыңыз?
3. Қазақстан қандай елдермен көрші орналасқан?
4. Қазақстанның қандай атақты жерлерін білесіңдер?
ІІ. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыздар?
1. Мемлекеттік тіл
2. Елбасы
3. Рухани астана
4. Құрлық
5. Басқару түрі
6. Ұлттық ақша
7.Елорда
ІІІ.Сөзжұмбақты шешіңіз.
1. Қазақстанның ауа- райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді?
6. Қазақстанның рухани қаласы қай қала?
7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8. Қазақстанның көршілерінің бірі?
9. Қазақстан енге бай?
ІҮ. Мына сөздерді жекеше және көпше жікте:
І нұсқа. Азамат
ІІ нұсқа. Елбасы
ІІІ нұсқа. Қазақ
ІҮ нұсқа. Орыс
Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен көрші орналасқан.
Қазақстанның қалалары: Астана, Алматы, Шымкент ...
Атақты жерлері: Түркістан, Отырар, Көкшетау, Қарағанды т.б.
Қазақстан Еуразия құрлғында орналасқан.
Еуразия
Республика
Қазақ тілі
Н.Ә.Назарбаев
Астана
Теңге
Түркістан
1.Қ
2.А
3.З
4.А
5.Қ
6. С
7.Т
8.А
9.Н
6 - сынып. Ү модуль. Табиғатты қорғау – баршаның міндеті.
І – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Ақсу қаласының табиғаты қандай?
2. Оны көркейту үшін сен қандай үлес қостың?
3. Біздің боршымыз не?
4.Табиғат туралы мақал білесің бе?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Сілтеу және болымсыздық есімдікпен 2 сөйлем құрастыр.
Морфологиялық талдау жаса: жаңбырдың
Мына сөздерді аудар: окружающая среда, будущее, прозрачный, проблема, дышать
6- сынып. Ү модуль. Табиғатты қорғау – баршаның міндеті.
ІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Павлодар облысының әсем жерлерін білесің бе?
2. Баянауылда болдың ба?
3. Баянауыл қандай жер?
4.Келер ұрпаққа біз не қалдырамыз?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Жалпылау және сұраулы есімдіктерімен 2 сөйлем құрастыр.
Морфологиялық талдау жаса: саябақтарды
Мына сөздерді аудар: сокровища, внимание, причина, настроение, дыхание
6-сынып. Ү модуль. Табиғатты қорғау – баршаның міндеті.
ІІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарды аудар:
1. 5 маусым - қандай күн?
2. Өткір мәселелердің бірі не?
3. Біздің боршымыз не?
4. Есімдік дегеніміз не?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Өздік және жіктеу есімдіктерімен 2 сөйлем құрастыр.
Морфологиялық талдау жаса: болашағы
Мына сөздерді аудар: окружающая среда, будущее, прозрачный, проблема, дышать
6-сынып. Ү модуль. Табиғатты қорғау – баршаның міндеті.
ІҮ– нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің
мақсаты қандай?
2. Қазақстанда қандай әсем жерлер бар?
3. Халқымыздың ұлттық мақтанышы не?
4. Есімдіктің неше түрі бар?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Жалпылау және белгісіздік есімдіктерімен 2 сөйлем құрастыр.
Мына сөздерді аудар: сокровища, внимание, причина, настроение, дыхание
3. Морфологиялық талдау жаса: нанымыз
6 – сынып. ҮІ модуль. Менің қалам. І – нұсқа.
І. Өз қалаң туралы 5 сөйлем жаз. Сөйлемдерде модульда өткен жаңа сөздерді және көмекші есімдерді
пайдалан.
ІІ. Грамматикалық тапсырма:
Мына сөз тіркесін тәуелде: туған жер
Осы сөз тіркесін септе.
Мына сөздерді аудар: микрорайон, памятник, весь мир
6 – сынып. ҮІ модуль. Менің қалам. ІІ – нұсқа.
І. Астана туралы 5 сөйлем жаз. Сөйлемдерде модульда өткен жаңа сөздерді және көмекші есімдерді
пайдалан.
ІІ. Грамматикалық тапсырма:
1. Мына сөз тіркесін тәуелде: алғашқы астана
Осы сөз тіркесін септе.
Мына сөздерді аудар: комплекс, каток, площадь
6 – сынып. ҮІ модуль. Менің қалам. ІІІ – нұсқа.
І. Павлодар, Екібастұз туралы 5 сөйлем жаз. Сөйлемдерде модульда өткен жаңа сөздерді және көмекші есімдерді пайдалан.
ІІ. Грамматикалық тапсырма:
1. Мына сөз тіркесін тәуелде: тәуелсіз мемлекет
Осы сөз тіркесін септе.
Мына сөздерді аудар: зритель, облик города, гостеприимный
6 – сынып. ҮІ модуль. Менің қалам. ІҮ – нұсқа.
І. Алматы туралы 5 сөйлем жаз. Сөйлемдерде модульда өткен жаңа сөздерді және көмекші есімдерді
пайдалан.
ІІ. Грамматикалық тапсырма:
1. Мына сөз тіркесін тәуелде: әдемі қала
Осы сөз тіркесін септе.
Мына сөздерді аудар: высотный, путник, встретить
6 сынып. ҮІІ модуль. Күз.
І нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Қыркүйекте қандай өзгерістерболады?
3. Ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?
4. Күзде нелер піседі?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
1. Фонетикалық талдау жаса: қызан
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: алтын күз, адамдар дайындалады
Мына сөздерді аудар: зонт, дождь, ветер, иней, роса
ҮІІ модуль. Күз.
ІІ нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Күз айларын жаз.
2. Алтын күз - қай ай?
3. Құстар қайда ұшады?
4. Не жиі жауады?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: жәшік
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: қызыл қолшатыр, қатты нөсер
Мына сөздерді аудар: ливень, зерно, темнота, поздняя осень
6-сынып. ҮІІ модуль. Күз.
ІІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Қоңыр күз - қай ай?
2. Қай жыл мезгілі молшылық мезгілі?
3. Диқаншылар не істейді?
4. Күзде ауа райы қандай?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: қоңыр
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр: суық жел, жаңбырлы мезгіл
Мына сөздерді аудар: ранняя осень, вялый, беспрерывно, посевное поле
6 – сынып. ҮІІІ модуль. Қыс. І – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Қыста қандай өзгерістер болады?
3.Жер бетін не басады?
4. Қысты жақсы көресің бе?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: қаңтар
Жекеше және көпше жікте: мұғалім
Мына сөздерді аудар: ясный день, мерзнуть, санки
6- сынып. ҮІІІ модуль. Қыс. ІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Қыс айларын жаз.
2. Қыстың басы қай ай?
3. Қаңтар қандай ай?
4. Ақпан ше?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: мұз
Жекеше және көпше жікте: оқушы
Мына сөздерді аудар: кончик носа, закаляться, лыжи
6-сынып. ҮІІІ модуль. Қыс. ІІІ – нұсқа.
І. Сұрақтарды аудар:
1. Сейчас какое время года?
2. Какая зимой погода?
3. Какие дни и ночи в декабре?
4. Какой самый холодный месяц?
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: суық
Жекеше және көпше жікте: суретші
Мына сөздерді аудар: шуба, идет снег, морозный
6-сынып. ҮІІІ модуль. Қыс. ІҮ– нұсқа.
І. Сұрақтарға жауап толық бер:
1. Желтоқсанда күн мен түн қалай өзгереді?
2. Қыстың ең суық айы қай ай?
3. Сен бұл жыл мезгілін ұнатасың ба?
4. Қыста ауа райы қандай болады.
ІІ. Грамматикалық тапсырмаларды орында:
Фонетикалық талдау жаса: қырау
Жекеше және көпше жікте: аңшы
Мына сөздерді аудар: мерзнуть, щиплет, закаляться
6 сынып. ІХ модуль. Көктем. Етістіктің шақтары.
І. Сөздерге –ып/-іп/-п жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрастырыңдар.
1. Мәре-сәре бол -ып жатыр Үлгі: Балалар мәре-сәре болып жатыр.
2. Шаш -іп тұр
3. Қыдыр -п отыр
4. Әңгімелес жүр
5. Қуан
6. Аралас
ІІ. Етістікті келер шақта жекеше және көпше жіктеңдер.
І нұсқа. өсу
ІІ нұсқа гүлдеу
ІІІ нұсқа құлпыру
ІІІ. Етістікті нақ осы шақта жекеше және көпше жіктеңдер.
І нұсқа. аралау
ІІ нұсқа қыдыру
ІІІ нұсқа егу
ІҮ. Етістікті жедел өткен шақта жекеше және көпше жіктеңдер.
І нұсқа. өсіру
ІІ нұсқа жинау
ІІІ нұсқа ақтау
Ү. Жіктеңдер.
І ж. ойнап жатыр екенмін І ж. ойнап жатқан жоқ екенмін
ІІ ж. ІІ ж.
ІІ ж. ІІ ж.
ІІІ ж. ІІІ ж.
ҮІ. Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Достарыңызбен бөлісу: |