Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз
50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. Қасым шығармашылығы-қазақ поэзиясының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлендерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомартық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. Сондай көрнекті шығармаларының бірі «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының үздік жетістігі болып табылатын бұл туындығы жас ақын Абдолла шығармада намысқой, Отансүйгіш, батыр, қайсар тұлға ретінде суреттеледі. Дәл осы батыр бейнесін шығармада Абдолла жау әскерінен саспай, жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, ауыл үшін сұрапыл ұрысқа ерлікпен қатысқанын байқай аламыз.
Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев «Жау қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі» - батырлықтың асқар шыңындай секілді. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады»- деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын обрызды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Ерлік салт пен антына берік жауынгер кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толығы түседі.
Ұлы Отан соғысының қызу кезінде жазылған бұл поэма сол кездің өзінде-ақ жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, ашыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезіміммен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты»- деп жазған.
Шығарманың басты идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жерінде деген сүйіспеншілік. Абдолла есімі-нағыз батыр бейнесі ретінде ұрпақ жүрегінде мәңгі қалмақ. «Ақының адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»- деп Тахаиу Ахтанов атамыз айтқандай Қасым дәл осы туындысымен бірге біздің арамызда.
Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпаққа қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау болашақ ұрпқтың қолындаекенін ұмытпайык!