11.Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді? Абай және Шәкәрім... Бірінші айтар нәрсе Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір тұлға, ол ағасы – Абай. Ол жастайынан Абайдың тәрбиесінде өсті. Абайдың ықпалымен өлең жазды, Абайды түсінуге тырысты. Абайдың діттеген мақсатын өз діттегеніне айналдыра білді. «Абай нені қалап еді?» деген сұрақ туындары анық. Ұлы ақынды мазалаған да, ұйқы бермеген де қалың елі қазағының жайы екені бәрімізге аян. Ақын өз шығармаларында халқының кейбір наданығы – өнер, ғылым, білім іздемей, мал іздеуі, мақтан табуы жайында ашына да ашыла айтты.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім, - деп сөз бастаған Абай жастардың құр уақытты өткізбей, білім жолына түсуін қалады.
Өз кезегінде інісі Шәкәрімге «білім ал, өрісіңді кеңейт!» - деп талай рет айтты, талай рет оған жол сілтеді. Абай сілтеген жолды, Абайдың жолын Шәкәрім ұғына білді. Міне, сол үшін де Шәкәрім өлеңдері Абай өлеңдерімен қай жағынан болмасын сабақтас болып келеді. Соның бірі «Жастарға» атты өлеңі. Ол жастарға өшпес өмір, зорлықсыз мал беретін данышпан бар екендігін, ол данышпанның Абай екендігін айтады. Жастарды Абайдан ақыл, білім, насихат іздеуге шақырады. Надандықтың заманы орнап тұрған шақта жастардың жайын ойлап, Абайдың халін ұқтыруға тырысты. Абай айтар ақылын айтудай-ақ айтқан еді, алайда, оның сөзін сөз деп іліп алар жан табылмады. Шәкәрім жастарды Абай ақылын алуға шақырды. Өз Абайын өздері ұнатпайтын халқының сол бір надан мінездерін кінәләді. Шәкәрімнің мазалаған ойлары қазақтың ғылым-білімді іздеуін, сол ғылым мен білімге ие адамдармен санасуын қалады. Ол қоғамның кемшіл тұстарын табалай отырып, басқа бір жолды табуға итермелер, жастарды жігерлендірмекке талпынды. Осы жолда ақыл тұтар сөз иесін Абай деп таныды. Соның ілімімен дүниеде мақтан жыймай, надан болмай, жалқаулық танытпай, өтірікке бармай өтуді дұрыс деп тапты.
12.Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз. Қазақ әдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан алшақ етуге тырысатын қасиеттер болады.Қазақ әдебиетінің шығармашылығында кейіпкердің бейнесін керемет суреттейді.Соның бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің Еңлік-Кебек поэмасындағы екі ғашықтың бейнесі.Батыр Кебек пен тік мінезді сұлу Еңліктің бейнелерін оқып отырып көзге елестете аламыз.Кебектің батырлық ер мінезіді,парасатты әрі ақылды ер екені,ел-жұрты үшін жасқанбайтын азамат екенін білеміз.Еңліктің сұлулығымен қатар бойындағы батылдықпен күресшілдік қасиетерін байқаймыз.Бірақ Еңліктің бойынан қазақ қызына тән емес қасиеттері байқалады.Еңліктің қай мінезі қазақ қызына сай емес екендігін талдап көрейік.
Біріншіден,Еңліктің бойындағы еркекшоралық.Ер балаша киіну қазақ қызына мүлдем жараспайды.Қазақ қыздары ұзын көйлекпен орамал киюдің арқасында өздерінің гүлдей нәзік сұлу жандар екенін көрсете білген.Еңліктің ер балаша әрекет жасауы да қазақ қызына жат қылықтың бірі.
Екіншіден,қазақ қызы ешқашан ата-анасына қарсы шықпаған,ата-анасының ақ батасын алмай кетпеген.Еңлік өзінің атастырылған адамы бар екенін біле тұра ол Кебекке өз сезімін айтадаы.Еңліктің Кебекпен қашып кеткенін есту қыздың ата-анасына оңай болмады.Қазақ қызы ешқашан ата-анасының рұқсатынсыз қашып кетпейді.Ата-анасы қабылдаған шешіміне Еңліктің қарсы шығуыда қазақ қызына кереғар мінездерінің бірі.Қыз бала өзінің орнын білген,үлкендердің шешіміне қарсы шықпаған. "Мен жүрген бір сорлымынбағым жанбай "деп Кебекке өзінің басқаға атастырылып сорлының кейіпін кешіп жүргенін айтады.Еңліктің бойында қыз балаға тән ұяңдық байқалмайды.Қазақ қызы әрдайым гүлдей нәзік ,тәрбиелі жан болуы қажет.Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрмет тұтады.Парасаттылығы мен инабаттылығы бойында,көркіне ақылы сай қазақ қыздары әрдайым ұлтымыздың ұлылығының дәлелі бола алады.