Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен əәдемі



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен əәдемі 

əәсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дəәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. 

 

 «Сүйінбай  мен  Қатаған  айтысы»  өнер  өлкесіндегі  саф  алтын  қазына  болып  саналады. 

Қазақтың  бар  баласы  айтылатын  бұл  айтыстың  мақсаты  –  елімізді,  жұртымызды  бірлікке 

шақыру.  Өткір  сынның  үстінде  тұрған  Сүйінбай    өрттей  өршіген  Қатағанға  қалайша  бейнелі 

сөздер мен əәсірелеулерді қолданып, өршелене өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға 

өз көзқарасымды білдіргім келеді.  

 

Сүйінбай  озық  ойлы,  өткір  тілді,  сөзді    астарлы  оймен  көркем  жеткізетін  айтыскер  ақын. 

Өйткені,  дəәлел  ретінде  «...Топ  бастаған  бұлбұлмын,  Сөз  бастаған  жүйрікпін,  Судан  шыққан 

сүйрікпін, Бəәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның 

мысын  басып,  қанатын  қайырады.  Міне,    бұдан  ақынның  шалқар  шабытын,  теңеулерді  ұтымды 

пайдаланғанын  байқадым.  Бірден  қарсылысының  бетін  қайтарды.  Еңсесін  тіктеуге  мұршасын 

келтірмеді.  Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тəән қасиет.  

 

Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай алмас құрыш қылыш 

емес,  сабы  алтыннан  соққанын  айтады.  Бұл  жерде,  меніңше,  Сүйінбай  өз  деңгейін  биіктете, 

айбынын  асыра  түсті.  «Қарсы  шапқан  қырғиға,  Ажалы  жеткен  торғайсың...,»,  «Ажалы  жеткен 

қарғасың, Бүркітпенен ойнадың...», «Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын...» - деп, өнері 

шоқ  болып  қызып  тұрған  Сүйінбай  қазақ  елінің  мəәртебесін  көтеру  əәрқашан  абырой  екенін 

танытты, шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас шың 

секілді  көрінді.  Осыған  орай,  менің  ойымша,  қазіргі  заман  айтыскерлерінде  өткір  тіл  бар,  бетке 

айту  жоқ,  жалтақтап,  шенділерден  қорқып,  халық  көкейінде  жүрген  мəәселелерді  айналшықтап 

өтеді.  Сірəә,  жүрегі  «Отан»  деп  соққан  от  тілді,  орақ  ауызды  бүгінгі  айтыскер  ақындар 

Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді. 

 

Сонымен  қоса,  əәсірелеу  тəәсілін  де  шабытпен  кəәдеге  жаратады.  «...Қабағын  шытса  Сүйінбай, 

Тарту  қылып  тартарсың,  Қойныңдағы  жарыңды.  Айдап  алып  берерсің,  Алдыңдағы  малыңды, 

Малың түгіл барыңды!...» -деп, қарсылас ақынның намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай 

əәсер  берді.  Өзінің  намысын  таптатпау  үшін  осы  үдетулер  сынды  көркем  де,  мəәнді  сөздер  үлкен 

басымдылыққа  ие.  Бұл  айтыста  маған  Сүйінбай  ұстанған  бағыт  қатты  ұнады.  Өз  күшіңе  сеніп, 

сөз қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі.  

 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін  білдірсем,  сөздердің  өткірлігі,  қызулығы,  көркемдік 

бейнелі  сөздердің  молдығы  Сүйінбай  айтысының  бойында  тұнып  тұр.  «...Қазақ  деген  батыр  ел, 

Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай қазақ халқының беделін арттырды.          

                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет