|
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бəәріміз де пендеміз ғой... Бір-Байланысты: Esse - zharatylystanu ba 1171 yty45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бəәріміз де пендеміз ғой... Бір-
бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін
сөзге əәкелген қандай құндылық?
Алғаш қадамын поэзиядан бастап, шағын жнр арқылы романға келген Қабдеш
Жұмаділов – қазақ əәдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны өз
замандастары «қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек тарланбоз», «тағдырлы
тұлға» деп атаған.
Көпшілікке кеңінен таныс «Тағдыр» романы Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы
негізінде жазылған тарихи роман. Романдағы басты оқиға кейіпкерлері – Еженхан
мен Ақатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мəәселесі, шекара
бөлінгеннен кейінгі халықтың тағдыры. Сонымен қатар, жазушы қазақ өмірінің
салт-дəәстүрін, əәдет-ғұрпын асқан шеберлікпен бейнелейді. Жəәне бұл баяндаулардың
автор үшін орны ерекше екені көрініп тұр.
Халқының басына ауыр күндер туған сəәтте оған арқау болған басты кейіпкер –
Демежанды жазушы бəәрінен де бөлек тұлға ретінде бейнелейді. Демежанның екі ел
шекарасын бөлгенде қазақ ауылдарына тиетін зардабын көріп жаны ауырғаны.
Жұртпен бірге егін егіп, Ши-амбының алдына барып қорықпай елге салынан
салықтары тым ауыр екенін айтуы еліне пайда ойлап жүрген азамат екенін
дəәлелдейді. Алайда, оның бұл іс-əәрекеттері Дохалдай мен Байсеркеге ұнамай, оның
үстінен ісс қозғайды. Ақыры аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы бұл екеуіне
қосылып, Демежанға жалған жаланы ұлғайтып, дарға асуға үкім шығарады.
Демежан осылай қайтыс болғанымен, ел ішінде оның жақсы атты, артынан
қалдырған өшпес ісі жайлы айтылады. Негізінде салдырған мешіт-медреселері халық
игілігіне қызмет етуде. Оның үстіне Демежанның абзал да аяулы жары Бибі
Демежандай арыстың түтінін өшірмей отырып, ал оның айналасындағы адамдар
Демежандай азаматтың есімін ауыздарынан тастамайды. Міне, осы сəәтте
романнан алар басты түйін «Бəәріміз де пендеміз ғой... Бəәріміз бір-бірімізді сөге-
жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» қалыптасады. Менің ойымша,
жазушы оны қарапайым халықтың Демежанның жақсы іс-əәрекеттерін, оның ойын
əәлі де есте сақтауы арқылы көрсетеді. Жұрт Демежанға тапқан айыпқа сеніп, оны
жамандамай құрметтеуі бұл түйінге анық дəәлел. Өз ойым жазушының бұл ой-
пікірімен толық келісемін. Себебі, адам баласы тек жақсылықты есте сақтап,
жамандықты ұмыту қажет. ƏӘрине, бұл оңай емес, бірақ бəәріміз де пендеміз, бəәріміз
де бұл өмірде қателіктер жасаймыз. Сондықтанғ күнəәлəәрді кешіріп, жақсылықты
есте сақтайық. Сол кезде жұрт, мемлекет ішінде ынтымақ, береке болады деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|