Қиыстыру үрділері: декодерлар
Әрбір ЖӘНЕ вентилі белгілі бір басқару сызықтарының біреуін таңдау үшін пайдаланады (Сурет 6). Әр қайсысы 1 Мбайт болатын 8 микроүрдіден тұратын ЕС берілді дейік. Сурет 6-да бұл үш бит –А, В және С үш кіріс болып көрсетілген. Кіріс сигналдарына байланыста 8 шығыс жолдарының біреуі (D0,.....,D7) бір мағынасын, ал қалған жолдар 0 мағынасын қабылдайды . Әрбір шығыс жолы 8 ЕС микроүрдісінің ішінен біреуін енгізеді. Мағынасы 1 болатын бір ғана жол болғандықтан, тек бір ғана микроүрді қосылды.
Сурет 6. 3 кірісті мен 8 шығысы
Қиыстыру үрділері: компараторлар
Компаратор кіріске келіп түскен екі сөзді салыстырады. 7-суретінде көрсетілген компаратор,әр қайсысының ұзындығы 4 бит болатын екі кіріс сигналдары 1 мағынасын,сәйкес келмесе 0–мағынасын шығарып береді.Үрді НЕМЕСЕ вентилін қоспайтын вентильге негізделген.
Сурет 7. Қарапайым төрт разрядты декодердін үрдісі компаратор
Арифметикалық үрділер
Бұл бөлімде арифметикалық амалдарды орындау үшін қолданылатын СИС қиыстыру үрділері қарастырылады. Олар: жылжыту үрділері, сумматорлар, арифметикалық, логикалық құрылғылар.
Арифметикалық үрділер: жылжыту үрділері
Сурет 8-де 8 кірісі мен 8 шығысы бар жылжыту үрдісі берілген. 8 кіріс биттері D0,......,D7 жолдарына беріледі. 1 битке жылжытылған кіріс мәліметтері болып табылатын шығыс мәліметтері S0,…..,S7 жолдарында енгізіледі. С басқару мәліметтері болып табылатын шығыс мәліметтері S0,…..S7 жолдары жылжу бағытын анықтайды: 0–солға, 1‑оңға.
Сурет 8. Жылжыту үрділері
Арифметикалық үрділер: сумматорлар
9.а-суретінде бір разрядты бүтін сандарды қосу үшін қолданылатын шыншылдық кестесі көрсетілген. Бұл жерде екі нәтиже бар: А және В кіріс айнымалыларының қосындысы және келесі (сол) позицияға көшу. Қосындының битін және көшіру битін есептеп шығару үшін қолданылатын үрді 9.б-суретінде керсетілген. Осындай кесте әдетте жартыяай сумматор деп аталады. Жартылай сумматор екі көп биттік сөздердің теменгі раз-рядтарының биттерін қосу үшін ғана сәйкес келеді, өйткені үрді бұл позицияға көшуді жүзеге асырмайды. Толық сумматор екі жартылай сумматордан тұрады. Егер А, В және көшіру кірісі айнымалыларының тақ саны 1 бірлігін қабылдаған кезде, қосынды 1-ге тең болады. Ал егер А және В бірдей 1-ге тең болса немесе олардың біреуі 1-ге тең және көшіру кірісі де 1-ге тең болса, онда көшіру шығысы 1 бірлігін қабылдайды (10-сурет). Екі жартылай сумматор қосынды битін де, көшіру битін де туғызады.
9-сурет. Бір разрядты бүтін сандарды 10-сурет. Толық сумматор үшін
қосу үшін қолданылатын шыншылдық шыншылдык кестесі (а),
кестесі (а), жартылай сумматордың толық сумматордың үрдісі (б).
үрдісі (б).
Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Вентильдер және Буль алгебрасы дегеніміз не?
Буль функцияның жүзеге асырылуы қалай?
Үрділердің баламалығы дегеніміз не?
Интегралды үрділер дегеніміз не?
Қиыстыру үрділері дегеніміз не?
Арифметикалық үрділер дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |