Компьютерлік графика тақырыбына дәріс



бет2/5
Дата25.06.2020
өлшемі100 Kb.
#74543
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Vector Fractal Rastp

Растрлік графика

Растрлік кескіннің  ең басты элементі-нүкте. Егер кескін экранда болса, онда бұл нүкте пиксель деп аталады. Компьютердің операциялық жүйесі экранның қай графикалық мүмкіндігіне қойылғанына байланысты, экранда 640х480, 800х600, 1024х768 және одан да көп пиксельдері бар кескіндер орналасуы мүмкін. Кескіннің өлшемімен оның мүмкіндігі тікелей байланысты болады. Осы параметр нүктелерде дюйм (dots per inch-dpi) арқылы өлшенеді. Монитордағы диагональмен 15 дюймді кескін өлшемі экранда шамамен 28х21 см-ді құрайды. 1 дюймде-25,4мм болатындығын  білсек, монитор 800х600 пиксель режимде жұмыс істегенде, экранды кескіннің мүмкіндігі 72 dpi-ге тең екендігін есептеп шығара аламыз.

Ал басу кезінде мүмкіндік әлдеқайда  жоғары болуға тиіс. Толықтүсті кескіндердің полигрофиялық баспасы 200-300 dpi мүмкіндікті қажет етеді. 10х15 см өлшемдегі стандартты фототүсірілім шамамен 1000х1500 пиксельдерден тұруы керек.

Мұндай кескіндердің 1,5 млн нүктелерден  тұратындығын да анықтау қиын емес. Ал егер түрлі-түсті кескін болса  және әр нүктенің кодталуына 3 байт жұмсалса, онда түрлі-түсті фотография массивінің өлшемі 4 Мбайт-тан жоғарыға сәйкес келеді.



  1. Көлемнің үлкендігі –растрлік кескінді қолданудағы ең  негізгі мәселе. Журнал беттеріндегідей үлкен өлшемді иллюстрациялармен белсенді түрде жұмыс жасау үшін аса үлкен өлшемді оперативті (негізгі, басты) жады (128 Мбайт және одан да көп) бар компьютер қажет. Мұндай компьютерлерде жоғары өнімді процессорлардың болу керектігі өзінен-өзі түсінікті.

  2. Растрлі кескіннің екінші бір кемшілігі: детальдарды үлкейтіп көрсетуге аса қолайсыз. Кескіндер нүктелерден құралатындықтан, кескіндерді үлкейткенде бұл нүктелер ірі болып қана көрінеді. Растрлік кескіндеуде қосымша детальдарды үлкейтіп көру мүмкін емес. Оның үстіне, растрлі нүктелерін үлкейту иллюстрацияны визуальді түрде бүлдіреді де, оны ұлғайтып көрсетеді. Бұл эффект пиксельдеу деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет