Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру.
1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).
2. Адрестік жолдың өрісіне URL- адресін енгізіңіз. www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.
3. Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сөздерді енгізетін өрісті (поиск) және іздеу салу батырмасын табыңыз. Біз компьютерге арналған web- бетті іздестірейік.
4. Түйінді сөздерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз.
5. Іздеу батырмасын шертіңіз.
6. Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.
7. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.
8. web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.
9. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.
10. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге компьютерные сети сөзі бар беттің саны, компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.
11. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер ОR сети сөзін енгізіп, Поиск батырмасын шертіңіз. (ОR немесе деген оператор)
12. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз.
13. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен Компьютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз. Табылған web-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз. Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.
14. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен web-бетке оралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз. Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп, тиімділігін бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |