«Компьютерлік желі» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет19/36
Дата21.04.2020
өлшемі482 Kb.
#63228
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
4304 к сеть

Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Web- бетті көру және сақтау


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL- адресін енгізіңіз: www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Титулдық бетте Спорт бөлімін іздеп тауып және оның гиперсілтемесіне шерту арқылы оған өтіңіз.

4. Спорт бөлімінің сілтеме тізімінде Футбол сілтемесін іздеп табыңыз. Тышқан нұсқағышын соған бағыттап сол жақ батырмасын шерту арқылы Футболға арналған бөлімге өтіңіз.

5. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы іздестіру жүйесінің титулдық бетіне оралыңыз.

6. Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы Футбол бөліміне келіңіз

7. Броузер терезесін жаппас бұрын индикация панелінде орнатылған байланыс таңбасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Ағытылу (Отключиться) бөлімін таңдаңыз- интернетке қосылу ажыратылады.

8. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы алдында қарастырған беттерге оралыңыз, ал сосын Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы кері қайтыңыз. Интернетке қосылмаған жағдайда да ертеде алынған web- беттер бойынша шолу жасауға болатынына көз жеткізіңіз. Бұл дербес режим деп аталады. Бұл жағдайда оның мүмкіншіліктері алынған web- беттердің компьютердің жедел жадында сақталуымен тығыз байланысты.

9. Ағымдағы web- бетті қатқыл дискіде сақтаңыз. Бұл үшін Файл- Қалай сақтау керек командасын орындаңыз. web- бетті сақтау сұхбат терезесі ашылады. Бұл жерде сақталатын бетке жаңа ат енгізуге болады. Файл типі ретінде web- бетті толығымен (web- страница полностью) нұсқасын таңдаңыз. Бұл жағдайда бет барлық безендіру элементтерімен бірге сақталынады, мысалы суреттерімен. Егер сақталатын файл типі ретінде web- бет тек HTML ғана таңдалынса, онда енгізілген объектілері бар қаптама сақталынбайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде қарастыруға болады. Егер сақталу типі ретінде Мәтіндік файл таңдалынса, алдағы уақытта кез-келген мәтіндік процессорда қарастыруға болатын мәтін ғана сақталынады.

10. web- беттің сақталу орны ретінде C: \Windows\ Temp қаптамасын алыңыз. Уақытша файлдарды Temp қаптамасында сақтау қабылданған.

11. Таңдамалы-Таңдамал қосу (Избранное- Добавить в избранное) командасын берсеңіз- Таңдамалыға қосу сұхбет терезесі ашылады. Оның құралдары бізге ағымдағы беттің URL- адресін есте сақтауға және болашақта оны броузердің адрес жолына енгізбеуге мүмкіншілік береді. ОК батырмасын басыңыз.

12. Таңдамалы командасын орындаңыз. Сол кезде менюде ағымдағы бетке сілтемесі бар жазба пайда болғанын көресіз.

13. Артқа батырмасының көмегімен алдыңғы бетке қайта ораласыз.

14. Таңдамалы командасын орындаңыз және жаңадан құрылған сілтемені шертіңіз. Адресі таңдамалы сілтемелердің тізімінде сақталынған бет бірденг жүктелетініне көз жеткізіңіз. Оның бейнесі жедел жадтан алынады. Болашақта ол Интернеттен жүктелінеді.

15. Таңдамалы командасын тағы да орындаңыз. Жаңа құрылдған сілтемені тауып аласыз. Оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Жою (удалить) бөлімін таңдап алыңыз. Таңдамалы сілтемелердің тізіміндегі жаңа құрылған сілтеменің жоғалғанын байқайсыз.

16. Internet Explorer программасының жұмысын аяқтап, оның терезесін жабыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет