3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері - Желі құрамындағы негізгі элементтер:
- Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).
- Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).
- Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix).
- Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).
- А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар – желі тұтынушысының шеткі жүйесі болып табылатын компьютер немесе терминалдық құрылғы (кез келген мәлімет енгізу-шығару немесе информация бейнелеу құрылғысы). Олар хост-машина-мен байланысады. Хост-машина деп желі тораптарында (түйіндерінде) орналасатын негізгі компьютерлерді айтады.
- Желінің программалық-аппараттық құралдарын бірнеше сатыға бөлінген модельмен беруге болады, олар:
- Ә) Коммуникациялық жабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компьютер мен оның программалары болғанмен, соңғы кездерде коммуникациялық құрылғылар да компьютер тәрізді маңызды рөл атқара бастады.
- Оларға модемдер, кабель жүйелері, көпірлер (мосты), коммутаторлар, маршрутизаторлар, модульдік концентраторлар, т.б. жатады. Қазіргі кезде коммуникациялық құрылғылар арнайы күрделі мультипроцессор түрінде де кездеседі, сондықтан оларға конфигурациялау, оптимиза-циялау және администрациялау істерін жүргізу керек.
- Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе системалар (ОС).
- Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды
- Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т.б. қасиеттері есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |