Компьютерлік желілер



бет25/28
Дата11.09.2020
өлшемі169,65 Kb.
#77678
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
компьютерлік желілер

Маршрутизатор– әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы.

Негізгіфункциясы– ауқымды желідегі маршрутизацияны қамтамасыз ету, ол желілік адреспен жұмыс жасайды және бір желіден екінші желіге ақпарат алмасудың ең тиімді жолын анықтайды. Ол OSI үлгісініңЖелілікдеңгейінде жұмыс істейді.

Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесіқұрылады. Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Ол келесі ақпараттан тұрады: 1.барлық белгілі желілік адрестер; 2.басқа желілермен байланыс тәсілдері; 3.бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар; 4.бұл жолдар б/ша беріліс құны.Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшінең тиімді бағыттытаңдайды. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдардың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді. Бағыттауыш бірнеше мүмкін жолдардың ішінен қазіргі мезеттегі ең тиімдісін анықтай алады.



Көмей– әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын құрылғы. Көмейлер OSI үлгісініңҚолданбалыдеңгейінде жұмыс істейді. Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланысын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Көмей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді. Деректерді өңдей отырып, көмейлер келесіоперациялардыорындайды:

- деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра отырып, оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді;



- оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректерді қайтадан топтастырады. Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні ұзарту үшін жеткілікті түрде қымбатқа түсетін құрылым б.т.

9. Түйiндердiң аттарын анықтау. Hosts файл. Dns қалыптастыру. Қызметі wins. NetBios атауларын анықтау.

Түйін(Хост; host; Развязка; uncou-pling) — желілік жүмыс машинасы;бас есептеуіш машина; жетекші компьютер;желілік қызметтермен (желіге қызмет ету жөне хабарларды жеткізу) бірге пайдаланушылардьің да тапсырмасын (программаны, есептерді, есептеулерді жөне т. б.) орындайтын желілік компью-тер; Хостингті үлкен компьютермен теңестіруге болады.  IP адрестің тек TCP/IP хаттамалар стегінде ғана қандай да бір мәнге ие болатындығы проблема тудырады. Арналық деңгейлердің жеке өздерінің адрестеу үрдісі бар (негізінде 48-биттік адрестер); желілік деңгейлер өз кезегінде осы арналық деңгейлерді пайдаланады. Әртүрлі желілік хаттамаларды пайдаланатын компьютерлер бір физикалық кабельде орналасуы мүмкін. Желілік тақшаның драйвері IP дейтграммадағы қабылдаушының IP адресіне ешқашан қарамайды. Басқаша айтқанда, адрестердің әртүрлі формаларының 32-биттік IP адрестер мен арналық деңгейдің қандай да бір адрестер типтеріның арасында сәйкестік орнатудың қажеттілігі туады. Екі хаттаманы қарастырайық: адресті анықтау хаттамасы (ARP - address resolution protocol) және кері адресті анықтау хаттамасы (RARP - reverse address resolution protocol).

Hosts файл -бұл домендердің аты жиналған базасы бар текстік файл,олар түйіндердің желілік адреске трансляциялау кезінде қолданылады.DNS серверге қарағанда осы файлға сүраныс талабы жоғары және файлдың ішіндегі ақпарат компьютер администраторының басшылығында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет