Token Ringжелісін алғашында IBM компаниясы 1970 ж құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM-нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet–ке жол береді.
Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы сақина
басқа топологиялары жұлдызша-сақина
беріліс типі таржолақты
ену әдісі маркерлік беріліс
беріліс жылдамдығы 4 және 6 Мбит/с
кабельдік жүйесі UTP және STP
Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды. Token Ring желісі 2 биттік 4-16 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Әртүрлі жылдамдықта жұмыс істейтін аралас станциялар бір сақинада бола алмайды.
Маркер–компьютерге деректерді кабель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны). Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адресіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландырады. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады. Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |