Photoshop бағдарламасының жұмыс ортасы
2-суретте жұмыс жасау кезіндегі экран бейнесі көрсетілген.
Сурет 2 PhotoShop экранының бейнесі
Құралдар панелі. Пиктограммасы экранда көрініп тұрған құралды активтендіру үшін оның пиктограммасына шертіңіз. Кейбір пиктограммалардың жанында кішкентай бағыт белгісі орналасқан. Оған шерткен кезде сол топқа кіретін құралды таңдап алуға болатын қалқып шығатын палитра ашылады.
Пернетақта көмегімен құралдарды шақыру өте ыңғайлы. Егер сіз пернелер комбинациясын ұмытып қалсаңыз курсорды құралдың пиктограммасына апарып бірнеше секунт күте тұрсаңыз қалқып шығатын мәтін оны есіңізге түсіреді. Пиктограммасы жасырылған бір топқа кіретін құралдарды кезектеп шақыру үшін Shift пернесін және сәйкес келетін <<ыстық>> пернені басыңыз. Сондай-ақ Alt пернесін басып тұрып көрініп тұрған құралдың пиктограммасына шертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |