Компьютерлік оқыту бағдарламаларын оқу үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді



бет35/36
Дата25.01.2022
өлшемі1,22 Mb.
#114444
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Компьютерлік о?ыту ба?дарламаларын о?у ?дерісіне пайдалануда о?ы

ІҮ. Қорытынды
Менің бұл курстық жұмысымның тақырыбы «кеңістікті модельдеу бағдарламалары» болғандықтан, мен мұнда алдымен модель ұғымына толық тоқталдым. Сонымен қатар кеңістікті модельдеу бағдарламаларының қазіргі таңдағы жаңадан шығып жатқан бағдарламаларына сипаттама бердім. Олардың қатарына Фотошоп, КорелДрау, 3Д Мах, Марlе, МатКАД, АрхиКАД, т.б. бағдарламалар жатады.

Қорытындылай келгенде, модельдеудегі ең басты модельдеуші объекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.

Модель (Model, simulator)

1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенінің немесе процестін қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі;

2) сериалы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-
келген бір объекті жұмысы, мыс, процессордың жұмыс істеуін модельдейтін
программа немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, математикалық
байланыстар жүйесі ретінде немесе құрлымды имитациялайтын программа
күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін
зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап-оның
қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.

Модельдеу (моделирование; simulation) - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналоктарында (модельде) объектілердің әр-түрлі табиғатың зеттеу әдісі. Модель төрт денгейде түпнұсқанын гноселогиялық орынбасары бола алады: 1 - элеметтер денгейінде, 2 - құрлым деңгейіде, 3 - қалып - күй немесе қызметік деңгейін, 4 – нәтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық моделдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.

"Модель" түсінгі кибернетикада бақыланатын объектілер класын сипаттайтын теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу — бұл да оқып үйренетін объекті теориясының модельденуі.

Модельдеу субъектісі

Модельдеуші (модель субьектісі) тек адам бола алады. Модельдеу объектісі табиғи (өсімдік, күн жүйесі және адамның ықпалымен құрылып жасанды болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қазір кино мен теледидардағы арнайы эффектілермен ешкімді таңдандыра алмайсың. Олар компьютерлік графиканы және соның ішінде үш өлшемді модельдеуді құру бағдарламасның жалпылай тарауының арқасында күнделікті құбылыс бола бастады. Үш өлшемді графиканың бағдарламалары өз мүмкіндіктері бойынша ең қызықтылары және меңгерілуі бойынша ең күрделілері. Осындай бағдарламалардың ішінде 3 ds Max бағдарламасы көшбасшы орындардың бірін алады. Өзінің тамаша мүмкіндіктерінің және меңгеруге қолжетімділігінің арқасында бұл бағдарлама қызығушылардың арасында да, кәсіпқойлардың арасында да оған құмартушылардың ең көп санына ие. Шынында, 3ds Max пайдаланылмайтын үш өлшемді графикамен байланысты адам қызметінің саласы өте аз қалды. Оны ойындармен фильмдерді құру үшін, сәулет және құрылыс, медицина және физика, сондай - ақ басқа да көптеген салаларда белсенді түрде қолданады.

Сонымен қатар, қазіргі таңдағы басқа да екі өлшемді және үш өлшемді модельдеу бағдарламалары өздерінің күрделі функцияларымен, толық әрі жан-жақты мүмкіншіліктерімен ерекше. Олар өздерінің жаңа заман талабына сай жабдықталған комплектісімен қазіргі мамандарға күшті мүмкіндік береді. Олардың көмегімен түрлі таңғажайып нәрселерді, керемет дүниелерді жасауға әбден болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет