1.3. Модель белгілері
Моделдер адам қызметінің таным, қатынас, практикалық қызмет сияқты сфераларында қолданылады.
Адамды (модельдеу субектісін):
қызықтыруы мүмкін.
Модельдің мақсаты мен шешуге тиісті мәселесі осы үш аспектінің бірін таңдауға ықпал етеді. Модельдің әрбір аспектісі қасиеттерінің жиынтығы арқылы айқындалады. Модельдерде объектінің барлық қасиеттері емес, тек қана модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетті қасиеттері ғана бейнелейді.
Модельдеудің әрбір аспектісі (түр, ққұрылым, үлгі) өзіндік қасиеттер құрамымен сипатталады.
Объектінің белгілері сыртқы түрінің сипаттамасы ретінде көрсетіледі. Тілде бұл белгілер қызыл, сары, дөңгелек, ұзын сияқты сын есімдермен өрнектеледі.
Объектінің сыртқы түрі оны тану, ұзақ уақыт сақтау (фотография, порттрет) үшін модельденеді.
Объект құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығы айтылады.
Құрылымды сипаттауда объектінің құрамдас элементтері мен олардың қасиеттері көрсетіледі.
Тілде бұл элементтер мен байланыстар: электрон, протон, күш, (атом сипатталуындағы) энергетикалық деңгей сияқты зат есімдермен өрнектеледі.
Объект құрылымын модельдеу:
оның көрнекі бейнесі;
объект қасиеттерін оқып үйрену;
байланыстық белгілерді айқындау;
объектінің тиянақтылығын оқып үйренуге қажет.
Уақыт ағымына байланысты шығатын өзгерістер объект күйі деп аталады. Объект күйінің сипаттамасы оның сыртқы түрі мен құрылымының басқада объектілермен өзара әсерлерінің уақытқа байланысты нәтижесінің сипаттамасына келтіреді. Тілде бұл сақтау, даму, айналу сияқты етістіктермен өрнектеледі.
Объект күйін модельдеу:
Болжауға ;
Басқа объектілермен байланыс орнатуға;
Басқаруға;
Техникалық құрылғыларды құрастыруға қажет.
Объектілердің кейбір қасиеттерін сандық мән қабылайтын шамалармен сипаттауға болады. Мысалы: масса, ұзындық өлшемдері бұл жағдайдағы қасиеттердің параметрлері деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |