«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Windows 7-ні дискіге көшіруге керекті заттар



бет11/36
Дата17.11.2022
өлшемі7,88 Mb.
#158710
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы

Windows 7-ні дискіге көшіруге керекті заттар:
.iso форматындағы Windows 7 операционды жүйенің көшірмесі;
Ashampoo Burning Studio бағдарламасының көмегімен ақпараттарды дискіге көшіре аласыз. Бұл бағдарламанының тегін нұсқаларын ғаламтор желісінен оп-оңай тауып ала аласыз;
Таза DVD-диск;
Біріншіден, жоғарыда айтылған Ashampoo Burning Studio бағдарламасын көшіріп алып, компьютерге орнатқаннан кейін іске қосамыз:



«Создать/записать образ диска» мәзірінде «Записать CD/DVD/Blue-ray диск из образа диска» деген тармақты таңдаймыз.
«Обзор» пернесін басып, Windows 7-нің орналасқан жерін көрсетеміз:



«Далее» пернесін шертеміз.


DVD құрылғысына таза дискті салып, «Записать DVD» таңдаймыз.

Бірнеше минут күтеміз:



Міне дискі де дайын:



Осы дискіні компьютерге немесе ноутбукқа саламыз.


2. Дискіден жүктелу
DVD-дискіден жүктелу үшін біріншіден, BIOS баптауларына кіреміз. Қарапайым тілмен айтқанда, BIOS – компьютер немесе ноутбуктың маңызды параметрлерінің баптаулар мәзірі. Маңызды параметрлердің ішіне «құрылғыны жүктеуді анықтау тәртібі» де жатады. Бізді дәл осы параметр қызықтырып отыр. Компьютерді немесе ноутбукті қосқаннан кейін алдын ала белгіленген пернені басу керек. Жүктелу кезінде BIOS-ке кіру үшін қандай пернені басу керек туралы мағлұмат экранның астында жазылып тұрады. Көп жағдайда бұл F2, Del, Esc т.б. BIOS мәзіріне кіру туралы ақпарат ноутбуктың нұсқаулар кітапшасында да жазылады. Кейде сол кітапшаға қараған дұрыс та шығар.
BIOS мәзіріне кіргеннен кейін құрылғыларды жүктеу тәртібін табу керек. Әдетте, осы баптаулар BOOT терезесінде орналасады, дегенмен, олар BIOS мәзірінің басқа жерінде де орналасуы мүмкін. Жүктеу тәртібін ауыстыру үшін әдетте, F5/F6 немесе бағыт көрсетуші пернелер қолданылады. Жүктеу тәртібінің өзгертілуі жайлы ақпарат BIOS мәзірінде де болуы тиіс.
Өзіңіздің CD/DVD құрылғыңызды жүктелу тізімінің бірінші сатысына қойып, барлық өзгерістерді сақтайсыз да, BIOS мәзірінен шығасыз. Бұны жүзеге асыру үшін Save and Exit Setup деген тармақ қолданылады.
Баптаулар сақталып болғаннан кейін компьютер не болмаса нетбук қайта жүктеледі.
3. Windows 7-ні орнату;
Міне, Windows 7-ні орнату үрдісіне де жетіп қалдық.
Дискі жүктелген соң, мынадай бейне шығуы керек:

Пернетақтадағы кез келген пернеге шерту керек.


Жүйенің тілін таңдап, «Далее» пернесін басамыз.

Жүктелуді жүзеге асыру үшін «Установить» мәзірін таңдаймыз.



Windows 7 нұсқасын таңдаймыз. Кілті бар нұсқаны таңдаған жөн. Әдетте, кілт ноутбуктың түбінде жабыстырылған қағазда жазылады. Windows 7 жүйесінде сериялық нөмірді енгізу үрдісі орнатудың соңында жүргізіледі. Оны кейін де енгізуге болады. Бірақ, бұны 30 күн ішінде жасауды ұмытпаңыз.



Лицензионды шартпен келісіп, «Далее» пернесін басамыз.



Мәзірдің ішінен «Полная установка» тармағын таңдаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет