Байланысты: «Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы
пернетақта – сандық, мәтіндік және басқарушы ақпараттарды ДК-ге қолмен енгізуге арналған құрылғы;
графикалық планшеттер (диджитайзерлер) – графикалық ақпаратты, кескіндерді арнайы нұсқағышты (қаламұшты) планшет бетімен жылжытып қолмен енгізуге арналған құрылғы; қаламұш жылжығанда, оның орналасқан жерінің координаттарын оқу және бұл координаттарды ДК-ге енгізу автоматты түрде орындалады;
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Кескін сканерленгеннен кейін, графикалық бағдарламада олады өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға т.б)болады. Сканер кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Олардың планшетті, барабанды және қол түрлері болады.
трекбол (жиек құрсаудағы шар), сәулелік (жарықтанған) қаламұш және т.б. – графикалық ақпаратты дисплей экранына меңзердің экран бетімен қозғалуын басқару, кейіннен оның координаталарын кодтау және оларды ДК-ге енгізуге арналған құрылғы;
Тышқан - тышқан деп бекер аталмаған.Себебі ол – тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілесше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Тышқантың екі түрі болады: Үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы тышқан жиі пайдалынылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Ақпаратты шығару құрылғыларына төмендегілер жатады:
Принтерлер – ақпаратты қағаз тасушыларға шығаруға арналған басу құрылғысы. Ол дисплейге не шығарылса соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша-ақ қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Жоғарыда аталған құрылғылардың көбі шартты түрде ерекшеленген топ – мультимедиа құралдарына жатады.