Комплексная медицинская информационная система Версия


Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі



бет5/6
Дата27.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#188866
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Е11-Пірназарова. Л.(КМИС)

Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2022 № ҚР ДСМ- 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді өткізу тәртібін, көлемі мен кезеңділігін айқындайды.

2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) скринингтік зерттеулер-әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;

2) динамикалық байқау-пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

3) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездарды пайдалана отырып жүргізіледі.

4. Скринингтік зерттеулер аурулардың тиісті түрлері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын адамдарға жүргізіледі.

2 тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет