«Асимметрия» түсінігі симметрияның осі немесе жазықтың симметриясы жоқ кезіндегі элементтердің орналасуын білдіреді. Асимметрия динамикаға әр түрлі деңгейдегі пішінді береді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін Костюмнің адам дене бітіміне (ортақ түрінде симметриялы) тығыз байланыстылығын ескере отырып, оның асимметриялық орналасуының ерекше белсенділігін арттыруға болады.Сондықтан костюмді жобалау кезінде оның атқаратын қызметінің сипатын анықтау қажет. Практикалық қызметі эстетикалың қызметінен басымдау күнделікті еңбек қызметімен байланысты киімді симметрия немесе байқалмайтын асимметрияның негізінде орындаған дұрыс. Керісінше, мерекелік үлгілер асимметрия нәтижесінде тамаша көрінеді. Асимметриялың бастау симметриялық пішінде костюмдік аксессуарларды пайдалану арқылы, функционалдық жөне сәндік элементтердің вертикальдық осьтен жан-жақта орналасуы арқылы дамуы мүмкін. Симметрия бірқалыптылықты, заңдылықты білдірсе, ал асимметрия қимылды, кездейсоқтықты, еркіндікті білдіреді. Силуэттің симметриялық пішініне ассимметриялық қосылса, ерекше пішін пайда болады. Симметриямен асимметрия үндестігі интуицияның, композициялық бүтіндіктің және композициялық тепе-теңдіктің сақталуын қажет етеді