Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым — қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
■комуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
■интерактивті (өзара әрекеттесу);
■перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).
Қарым-қатынастың-коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммушікативті жағы (латын. communicatio — біріктіремін, байланыстырамын) — адамдардың танымдық-еңбек үрдісіндегі өзара әрекеттесуінің —ой, ақпарат, идеялар алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағылш. interaction — өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) — адамдардың бір-біріне әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы (латын. perceptio — қабылдау) — адамның әлеуметтік объектілерді (өзгелерді, топты т.б.) қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үрдісін көрсетеді. Егер сөз сахнадағы әртістің перцепциялық қабілеті туралы болса, онда оның залда отырған көрермендердің талғамынан шығу мүмкіндігі туралы деп түсіну керек.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті,коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгіқызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысал, хәл, өзін сезінуі туралы);
интербелсенді қарым-қатынас – тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен де алмасу (мысалы, мейірбикенің манипуляцияны орындауындағы немесе пациенттің өтінішін орындағандағы);
перцептивтік қарым-қатынас – адамдардың бір-бірін қабылдауы, сенімге қол жету. Қарым-қатынастың бұл түрі біртіндеп қалыптасады және оңтайланады.