Конференция аясында келесі секциялар мен дөңгелек үстелдердің жұмысы жоспарланады: 1-секция. Білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасы мен жүзеге асырылуының менеджменті және мониторингі



Дата17.06.2018
өлшемі19,96 Kb.
#42358
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017 жылдың 26-27  қаңтарында «Университеттегі білім беру бағдарламаларының экспорттық әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты 47-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясына қатысуға шақырады.



Конференция аясында келесі секциялар мен дөңгелек үстелдердің жұмысы жоспарланады:

1-секция. Білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасы мен жүзеге асырылуының менеджменті және мониторингі.

  1. Білім менеджментінің тұжырымдамасы.

  2. Білім беру менеджері қызметінің тиімді тұжырымдамалық моделі.

  3. Білім берудегі менеджменттің сапа деңгейлері.

  4. Ғылым, білім және инновацияны ұштастыру.

  5. Білім беру аясында бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаны басқару.

  6. Білім беру бағдарламасын басқару нысаны ретінде тану.

2-секция. Бірлескен және қос дипломды білім берудің халықаралық бағдарламалары: білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері.

  1. Білім беруді интернационалдандыру.

  2. Желілік халықаралық білім беру бағдарламалары: ретроспективті талдау және даму жетістіктері.

  3. Серіктес университетпен жүзеге асатын магистрлік қос дипломдық бағдарлама бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  4. Кәсіпқойларды оқытудағы сапа кепілдігі.

  5. Білім беру бағдарламасын академиялық басқару: міндеттерді, рәсімделуі, табыстылықты бағалау критерийлері.

  6. Білім беру бағдарламасының мазмұнын модельдеу: шектері, қажетті құралдары, кері байланысы.

3-секция. Жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша мамандар дайындауды жетілдірудің мәселелері: кәсіби стандарттары, біліктілік аясы, түлектерді сертификаттау.

  1. Жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша мамандарды даярлау және экономикалық дағдарыс.

  2. Білім беру бағдарламалары және кәсіби стандарттар.

  3. Республикалық индустрияландыру картасы және ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрларды даярлау.

  4. Ұлттық, салалық біліктілік шеңберін әзірлеу.

  5. «Ғұмыр бойы білім алу» жүйесі (қосымша кәсіби білім алу бейімі бойынша).

  6. Түлектерді кәсіби қоғамдастық тарапынан сертификаттау – болашақтағы мәселелер.

  7. Тәуелсіз қоғамдық сертификаттауды қоғамдық ұлттық сертификаттау бағытындағы маңызды қадам ретінде тану.

  8. Түлектерді қоғамдық кәсіби тұрғыдан мойындау.

  9. Қолданбалы сипаттағы бизнестік білім беруді дамытудың болашағын менеджмент саласындағы отандық кадрларды дайындаудың факторы ретінде тану.

4-секция. Көптілді білім беруді әлемдік білім беру және ғылым кеңістігімен бірлесу тәсілі ретінде дамыту.

  1. Білім беру бағдарламалары талап етілген бағыттары бойынша келесідей деңгейлерге ие: бакалавриат, магистратура, докторантура (шетелдік студенттер үшін ағылшын тілінде)

  2. Білім беру бағдарламасының ғылыми-жаратылыстану және педагогикалық бағыттарының деңгейі бойынша: бакалавриат, магистратура, докторантура (информатика, биология, химия, физика)

  3. Көптілді білім беру бағдарламаларының деңгейлері бойынша: бакалавриат, магистратура, докторантура (ХҚ, шығыстану, филология және әлем тілдері, тарих, археология және этнология факультеттерінде)

  4. Көптілді топтарда білім беру әдістемесінің ерекшеліктері

  5. Көптілді білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету.

  6. Көптілді білім беруді оқулықпен қамтамасыз ету.

  7. Көптілді білім беруді мамандармен қамтамасыз ету.

Дөңгелек үстел. Университеттің білім беру бағдарламаларын құрайтын мотивациялық-құндылықты дамыту туралы

  1. Факультеттердің мамандық бойынша білім алушыларын жігерлендіруді қалыптастыру тетігі.

  2. Білім алушылардың құндылықтарын болашақ кәсіпқойдың мінез-құлық стандарттары ретінде тану.

  3. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру тетігі.

 Дөңгелек үстел. Медициналық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін кәсіби-бағдарлы медициналық білім берудің, ғылымның және тәжірибе шегінің нәтижесі ретінде тану.

 Медициналық кадрларды дайындауда клиникалық және ғылыми үдерісті білім берумен біріктіру.



  1. ҚР жаңа білім беру технологияларын енгізу арқылы жаңа бәсекеге қабілетті медициналық мектепті қалыптастыру.

  2. Білім беру бағдарламалары бойынша қажетті медициналық мамандықтар (жалпы медицина және қоғамдық денсаулық сақтау) деңгейі бойынша: бакалавриат, магистратура, докторантура (ағылшын тілінде шетелдік студенттер үшін).

  3. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрларды даярлауда болашақ медик студенттердің сапасын арттырудың кепілі кәсіптік бағдарлау және ынталандыру.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Үздік баяндамалар секцияның ұсынысы бойынша конференция материалдарында басылып шығады.

Факультеттердің әдістемелік бюро төрағаларына (төрайымдарына) 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін баяндамашылардың тізімін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің оқу-әдістемелік жұмыс және білім беру бағдарламалары басқармасының әдістемелік жұмыс қызметіне өткізулерін сұраймыз.

Мақала мәтіні 3-5 беттен аспайтын Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman шрифті, 12 – кегль қолданылады. Абзацтық шегініс – 1,25. Жоларалық қашықтық – 1, жан-жағынан қалдырылатын бос орын – 2 см. Мақалалар А4 қағаз форматында бір данадан 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін SMC.KAZNU.KZ сайтқа жүктеулеріңізді немесе moldir.bodykpaeva@kaznu.kz ; aigul.kalieva@kaznu.kz мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.



Әдістемелік бөлім қызметі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет