Кері жақтары:
Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді
Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.
Көптеген адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көңілінің бөлінуі.
Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.
Конфликттің негізгі құрылымдық компоненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).
Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынлған конфликттің типологиясын қарастырайық.
1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал.
2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді.
3. Ауыстырылған жанжал. Мұнда, «анық жанжал» айтылады, оның артында қандай да бір басқа, латентті жанжал жатыр.
4. Қате тіркелген жанжал. Бұл «қате түсінген екі жақтың нәтижесі ретінде» яғни қате талданған мәселелер бойынша болады.
5. Жалған жанжал. Бұл «объективті себептердің» болмаған кездегі жанжал жағдайы, соңғысы тек қабылдаулар мен түсіндірулердің қате болғанында ғана орындалады.
Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс- бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған. Қақтығыс жағдайлары мен инцидент параметрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады. Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу. Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб. Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі:
а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше ольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.
б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.
Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы : ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:
а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.
б) «Жақындасу-жою» -ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.
в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым.
Қақтығысты жеке тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар. Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту әлдеқайда қиын.
|