Екінші кезең бойынша:
- Абай шығармашылығы негізінде эссе жазу.
- Бірінші кезеңнен өткен оқушылар қатыса алады.
- Тапсырманың орындалу уақыты 150 минут
4. САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бірінші кезең бойынша:
Sanaly-urpak.kz сайтына өзі туралы ақпаратты толық енгізу керек
Екінші кезең бойынша:
Эссені бағалауда мына талаптар ескеріледі:
-Берілген тақырып бойынша эссенің құрылымы және тұтастығы;
-Тақырыптың ашылуы және өзіндік пайым;
-Деректер мен сілтемелер келтіру деңгейі;
-Емле және тыныс белгілер;
-Едеби тіл нормасы және шығарманың стилі.
Танымдық сайысқа келу-қайту шығыны қатысушы тараптан болады.
5. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
5.1 Сайыстың ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті)
Университеттің өкілдерінен құралады.
5.2 Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес Сайысты дайындау және
өткізу мәселелері бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді.
5.3 Ұйымдастыру комитеті Сайыстың шарттары, тәртібі және өткізілу мерзімі
туралы
ақпаратты
бұқаралық
ақпарат
құралдарында
және
ұйымдастырушылардың сайттарында, әлеуметтік желілерде жариялайды.
5.4 Ұйымдастыру комитеті Сайыстың қазылар алқасының құрамын бекітеді.
5.5 Ұйымдастыру комитеті Сайысқа екінші кезеңге келген қатысушыларды
тіркейді.
5.6 Ұйымдастыру комитеті Сайыстың бағдарламасын дайындайды.
6. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
6.1 Сайыстың қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) танымал
абайтанушы ғалымдардан, әдістеме мамандарынан, әдебиетшілерден
құралады.
6.2 Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.
6.3 Сайысқа келіп түскен материалдарды Сайыстың қазылар алқасы
сараптамадан өткізуге (1 туре) қатысады.
6.4 Қазылар алқасының
шешімі хаттамамен ресімделеді және оған барлық
мүшелері қол қояды. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы
шешуші болып табылады.
6.5 Сайыс қорытындысы бойынша 1,2,3 орындар тағайындалады.
6.6
Сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін жүлделер шығыны
ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі.
6.7 Сайыс жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Университетте өтеді
8.8 Ұйымдастырушылар және қазылар алқасы
қосымша ынталандыру
сыйлықтарын тағайындай алады.
6.9 Қазылар алқасы белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе
үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
6.10 Қазылар алқасының мүшесі сайысқа қатыса алмайды.
6.11 Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен
марапатталады. Қатысушыларға және жетекшілеріне сертификат беріледі.
6.12 Үздік эсселер жинаққа енеді.