Функционалдық міндеттері: Сәйкестік аудитін және қаржылық есептіліктің аудитін жүзеге асырады. Бақылау нысаны және өзге нысан бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік салаларында мемлекеттік бақылау жүргізеді. Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілген аудит нәтижелері бойынша сәйкес ден қою шараларын жүргізеді. «е-Минфин» АЖ «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі» ішкі жүйесінде жұмыс жүргізеді. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымдарында аудиторға үміткерлерді аттестациялау бойынша Біліктілік комиссияның құрамына қатысады. Бөлім жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Комитет және Департамент тапсырмаларын орындайды. Департамент туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.