Негізгі бөлім
А. Сейдімбек шығармаларына келетін болсақ, жалпы қызмет жолы «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975), Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975-1976),
1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі. 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы. 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы. 1988-1997 ж. ҚазКСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер , аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры болып қызмет атқарған.
Ақселеу Сейдімбектің мал шаруашылығында еңбек еткен жылдары жазған мақалалары, өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, республикалық "Қазақстан пионері" газетінде жарияланып тұрды. Бұл ретте, оған ақыл-кеңес беріп, шығар- машылық жолды таңдауына әсер-ықпал еткен адам - сол кезде аудандық газетте қызмет атқарған белгілі жазушы Асан Жұмаділдин болды.
Қазақстан баспасөз беттеріндегі күн құрғатпай жарияланып жататын мақалаларына қоса, бұл жылдары Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері "Ақиық" (1972), "Қыр хикаялары" (1977), "Тауға біткен жалбыз" (1979), "Аққыз" (1981) деген атпен, очерктері "Кеніш" (1979), "Серпер" (1982) деген атпен жеке кітап болып жарық көреді. Ұлттық-этнографиялық бояуы қанық әңгімелері мен повестері орыс, қырғыз, өзбек, эстон, чех, неміс, ағылшын тілдеріне аударылады. "Кеніш" кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші сыйлықпен марапатталады. Оның 1981 жылы жарық көрген "Күңгір-күңгір күмбездер" атты ғылыми-көпшілік кітабы қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қалпында біртұтас құбылыс ретінде қарастыруымен, тарихи- этнографиялық дерегінің молдығымен, әсіресе, ұлттың рухани әлемін парықтаудағы тың тұжырымдарымен оқырман назарын аударған еңбек болды. Бұл кітап 1985 жылы "Поющие купола" деген атпен Е. Қажыбековтың аударуында орыс тілінде жарық көрді. Әлем әдебиетінің әйгілі туындысы, Гомердің "Илиада" және "Одиссея" атты эпикалық поэмаларын қазақ оқырманына таныстыруға алғаш талпыныс жасаған адам—Ақселеу Сейдімбек. Гомер поэмаларының қара сөзбен әңгімеленген нұсқасын ол қазақ тіліне аударып, бұл еңбегі 1974 жылы жеке кітап болып жарық көреді. Бұл аударма оқырман қауымның, әсіресе, оқушылар мен студенттердің сұранысына ие болып, үлкен тиражбен бірнеше рет қайта басылып шығады.
Ақселеу Сейдімбек университетті бітірген соң, 1968-1987 жылдар аралығында облыстық және республикалық баспасөз орындарында әдеби қызметкер және меншікті тілші ("Лениншіл жас" - "Жас алаш"), жауапты хатшы ("Орталық Қазақстан"), әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі ("Социалистік Қазақстан" - "Егемен Қазақстан"), бас редактор ("Білім және еңбек" — "Зерде" журналы және "Әлем" альманағы) болып қызмет атқарды. Бұл жылдар оның ел өміріне белсене араласқан, жетістікке де, кемшілікке де шырылдап үн қосқан, әсіресе, ел жадындағы рухани қазыналарды жаңаша парықтап, оған құныға ден қойған, сөйтіп ұлттық мәдениетке қатысты эмпирикалық материалдармен қоржынын тоғайтқан кезі еді.
Гомер поэмаларының қара сөзбен әңгімеленуі және оның оқырман көңілінен шығуы Ақселеу Сейдімбекке ой салады. Сөйтіп, 1979 жылы оның "Алпамыс батыр" атты кітабы жарық көреді. Қазақтың эпикалық қарымы кең, поэтикалық қуаты тегеурінді жыр-дастандарын насихаттау мақсатынан туындаған бұл еңбегі эпосты қара сөзбен баяндаудағы алғашқы бастама еді. Кешікпей-ақ, бұл бастама қазақ қаламгерлерінің арасында қолдау тауып, эпикалық мұралардың біразы қара сөзбен баяндалып, жеке кітап болып мол тиражбен жарық көре бастайды. Ал, Ақселеу Сейдімбектің "Алпамыс батыр" кітабы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет қайта басылып, эстон, чех, неміс тілдерінде жеке кітап болып шықгы. Сол сияқты, Акселеу
Сейдімбектің аударуындағы жарық көрген (1988) И.Можейконың "7 және 37 керемет" атты кітабы да, оның аударма саласында тындырған толымды еңбегі. Бұл кітапта Азия, Африка елдерінің әлемдік кереметтер санатына жататын ғажайып мәдени ескерткіштері мен айтулы өнер туындыларының өзіндік ерекшеліктері және олардың дүниеге келу тарихы қызықты деректермен жан - жақты баяндалған.
Ақселеу Сейдімбектің кәсіпқой журналистік қызметтен 1987 жылы қол үзуіне тура келеді. "Білім және еңбек" журналының тектес басылымдар арасында Одақ бойынша бірінші орын алғанына қарамастан және бас редактор ретінде БЛКЖО-ның (ВЖСМ) еңжоғары марапаты — Құрмет грамотасымен марапатталғанына қарамастан, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты "Қазақ ұлтшылдығын дайындаушылар" санатында комсомолдың Орталық Комитетінің бюросында ол бас редакторлық қызметтен босатылады. Мұнан әрі Ақселеу Сейдімбекке баспасөз атаулының есігі тарс жабылады (әрине, МҚК-нің нұсқауымен). Содан, МҚК-нің наразылығына қарамастан Ұлттық Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Шериаздан Елеукенов еден тазалаушының бос орнына Ақселеу Сейдімбекті лаборант ретінде қызметке алады. Ол кезде уақыт қатал болатын, желтоқсан оқиғасынан кейін ел ішіндегі саяси-идеологиялық ахуал ширығып тұрған. Мұндайда белгілі бір ұжым аясында еңбек етпейтін ел азаматтарының Шона Смаханұлы сияқты тосын мерт болуы оп- оңай еді.
Ақселеу Сейдімбек 1987-1997 жылдар аралығында Ұлттық Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атыңдағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (Қолжазба орталығы) болып қызмет атқарады. Бұл жылдары ол ғылыми жұмысқа біржола ден қойып, теориялық білімін одан әрі тереңдетіп, әсіресе қазақ халқының әлі де болса игерілмей жатқан фольклорлық мұрасын жинау, зерттеу, жариялау жұмыстарымен бел неше айналысады.
Ақселеу Сейдімбек 1989 жылы "Қазақтың дәстүрлі халық лирикасындағы қара өлең жанры" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Қазақтың қара өлеңі халық арасына ең бір кең тараған, ел ішінде туындауын күні бүгінге дейін тоқтатпаған, өмір бейнелегіш және өмір реттегіш қасиеті аса тегеурінді, поэтикалық болмысы мейлінше төлтума, көпшілік қолды, демократияшыл жанр ретінде тұңғыш рет арнайы зерттеу обьектісіне айналады, сөйтіп, төл сипаты ғылыми байсалдылықпен сараланады (А.Сейдімбек. Мың бір маржан. Алматы. "Өнер" баспасы, 1989, 254 бет). Сонымен бірге, Ақселеу Сейдімбек жинаған қара өлең нұсқалары екі том көлемінде қазақтың фольклорлық мұрасын толықтырды (Қолжазба орталығы, № 898 папка).
Ақселеу Сейдімбектің өнер және өмір туралы, өнердің төлтумалылығы жайында, әсіресе, халықтың тарихи тұлғасын айғақтайтын мәдени-рухани үрдіске қатысты жазылған "Сонар" атты ғылыми-көпшілік кітабы 1989 жылы жарық көреді. Бұл еңбегі үшін Қазакстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты атағы беріледі.
Қазақ халқының рухани мәдениетінде музыканың, оның ішінде күй өнерінің алар орыны айырықша. Күй — синкретті өнер. Күйді таратушының шеберлігі, күйді шығарушының өмір дерегі, күйдің шығу себебі туралы аңыз-әңгімесі және күйді түсінетін тыңдаушы бір сәтте тоғысқанда ғана күй өнері біртұтас жанрлық болмысын айғақтай алады. Бұл талаптардың бірі кемшін болған жағдайда күй өнерінің жанрлық болмысы бүтін болмайды. Күй өнері өзінің молдығымен, эстетикалық - эмоциялық рухының асқақтығымен және ғасырлар аясындағы оқиғаларды арқау етуімен ұлттық рухани мәдениетіндегі айырықша құбылыс болып табылады. Бүгінгі таңда тіркеуге алынған, қолда бар күйлердің саны бес мыңдай. Бұл күйлердің барлығының дерлік аңыз -әңгімесі бар. Ол аңыз - әңгімелер өрісі байырғы көшпелілердің, берісі қазақ халқының тарихи-әлеуметтік өмірінің "жанды шежіресі" (М.О.Әуезов) болып табылады.
Өкінішке орай, осы ұлы мұра соңғы кезге дейін музыка зерттеушілері үшін филологиялық обьект больш есептелсе, филологтар үшін музыкалық мұраның обьктісі ретінде ескерусіз қалып келді. Міне, әрі тарихи зердені, әрі музыкалық біліктілікті, әрі филологиялық пайымдауды қажет ететін қазақтың осы сияқты синкретті бітімдегі мол мұрасын жинауда, зерттеуде және халықтың рухани игілігіне айналдыруда А. Сейдімбек тұңғыш рет кешенді зерттеулер жүргізіп, нағыз ғалымға лайық табандылық таныта алды. Осы мәселелерді саралай отырып, ол 1997 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Ақселеу Сейдімбек 1997 жьшы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры болып тағайындалады. Ал, 1998-1999 жылдары осы институттың негізінде құрылған Білім Академиясының тұңғыш президенті болады. Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының 50-60 адамдық шағын ұжымын 400-ге тарта адамы бар Қазақтың Білім Академиясына айналдыру, оның ішінен орта білім, кәсіптік білім, жоғары білім институттарын және Республикалық баспа кабинеті сияқты құрылымдарды жасақтау, сондай-ақ, бұл құрылымдардың міндет-мақсатын белгілеу, сөйтіп тәуелсіз Қазақстанның біртұтас білім саясатын жүзеге асыруға жұмылдыру шаралары кыруар күш - жігер жұмсауды қажет етеді. Қазақтың Білім Академиясының президенті ретінде Ақселеу Сейдімбек Республикадағы білім берудің барлық сатысына қатысты білім стандарттарын жасау, сол стандарттармен үндес базистік жоспарлар дайындау, жаңадан жасалатын білім стандарттары мен базистік жоспарларды негізге ала отырып, әр пәннің бағдарламасын әзірлеу, сол бағдарламалардың негізінде жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау, бұл оқулықтардың, міндетті түрде алдымен қазақ тілінде жазылуын қамтамасыз ету, сонсоң ғана қажет болатын басқа тілдерге аудару, сондай-ақ білім беру технологиясының сан-сала проблемасына қатысты ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу, ең бастысы, білім беру жүйесіне қатысты осынау аса мәнді, өзекті мәселелердің баршасына ұлттық мемлекеттік қадыр-қасиет дарыту сияқты жұмыстарға басшылық жасай білді.
Ақселеу Сейдімбектің 1997 жылы "Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау" атты толымды еңбегі жарық көреді. Бұл кітаптың толыққан нұсқасы орыс тіліне аударылып "Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление" деген атпен 2001 жылы жарыққа шықты. Оқырман кауымның ынта - ықыласына ие болған бұл басылымдарда автор казақтың төл тарихына, дәстүрлі мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына қатысты мейлінше мол деректер келтіре отырып, ғылыми қисындары орнықты тың ой- тұжырымдарын азат рухпен ортаға салған. Астана қаласында жаңадан бой көтерген Қазақстан Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып Ақселеу Сейдімбек 1999-2000 жылдары қызмет атқарады. Білікті мамандармен тізе қоса жүріп, Президенттік Мәдени орталықтың тұжырымдамасын жасауға ат салысады.
Ақселеу Сейдімбек 2000 жылдың шілде айында Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлтттық университеті журналистика кафедрасының меңгерушілігіне және осы университеттің профессорлығына қызметке шақырылады. Қазір ол өз бойындағы мол білімі мен тәжірибесін болашақ журналист-қаламгерлердің шындалып шығуына жұмсап, "Журналистика және публицистика жанрлары", "Журналистік шығармашылық психологиясы", "Журналистік шеберлік" жалпы курстары бойынша, сондай-ақ өзі негіздеп, оқу жоспарына енгізген 'Журналистика және ұлттық діл: теория мен практика" арнаулы курсынан дәріс оқиды. Ол университет Ғылыми кеңесінің мүшесі, университет аясында жарық көретін Астана қалалық студенттер мен жастардың газеті "Аудиторияның" бас редакторы болып қызмет атқарған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғарин және Ақселеу Сейдімбек үшеуі бірлесе отырып жазған "Ел-тұтқа" атты толымды еңбек Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, 2001 жылы "Күлтегін" баспасынан жарық көрді. "Елтұтқа" кітабында соңы екі жарым мың жыл аясында Қазақстан топырағында ғұмыр кешкен 120- ға тарта тарихи тұлға туралы ғылыми очерктер берілген. Сөйтіп, алғаш рет Қазақстан тарихын, адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде, жеке тұлғалар арқылы зерделеуге талпыныс жасалған. Кітап айғақ-дерегінің молдығымен, тарихи тұлғаларға берілген бағасының обьективтілігімен және ғылыми ой-тұжырымдарының сонылығымен назар аударады. Ақселеу Сейдімбек ел ішіне кең тараған "Сарыарқа", "Дәурен-ай", "Ақтамбердінің толғауы", "Алтын асық", "Арарай", "Арман-ай", "Есіңде бар ма жас күнің", "Гагигай" сияқты көптеген әндердің авторы. Бұл әндер Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеуханов сияқты әйгілі әншілердің репертуарларынан орын алған. Оның қазақ ән өнері туралы Жәнібек Кәрменовпен бірлесіп жүргізген сегіз телехабары қазақ теледидарының алтын қорына қосылған рухани қазына. Бұл хабарлар сериясында ол Жәнібек Кәрменовке қазақтың жүзге тарта классикалық әнін айтқызып, тарихи- эстетикалық түсініктер беріп отырады. Қызметтегі орнын айтар болсақ, шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған.
Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген.
«Тауға біткен жалбыз» (1979)
«Серпер» (1982)
«Ойтолғақ» (1997)
«Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974)
«Мың бір маржан» (1989)
«Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975)
«Қыр хикаялары» (1977)
«Құрмет» орденімен марапатталған.[3]
«Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992)
«Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді.
«Күңгір-күңгір күмбездер» (1981)
«Күй шежіре» (2-т.; 1997)
«Күй шежіре» (1993)
«Көшпелілер тарихы» (1995)
«Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші дәрежелі сыйлықпен марапатталады.
«Кеніш» (1979)
«Балталы бағаналы ел аман бол» (1993)
«Алпамыс батыр» (1979)
«Ақ қыз» (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері.
Алғашқы әңгімелер жинағы “Ақиық” 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз » (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері, «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993) , «Күй шежіре » (1993), « Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997),«Күй шежіре» (2-т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді . Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын , венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған. 1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры. 1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы. 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы. 1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. Ақселеу Сейдімбектің кәсіпқой журналистік қызметтен 1987 жылы қол үзуіне тура келеді. "Білім және еңбек" журналының тектес басылымдар арасында Одақ бойынша бірінші орын алғанына қарамастан және бас редактор ретінде БЛКЖО-ның (ВЖСМ) еңжоғары марапаты — Құрмет грамотасымен марапатталғанына қарамастан, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты "Қазақ ұлтшылдығын дайындаушылар" санатында комсомолдың Орталық Комитетінің бюросында ол бас редакторлық қызметтен босатылады. Бұл кезде Мемлекеттік қауыпсыздық комитетінің ( КГБ) 1 бөлімі ( зиялылар мен жастар арасындағы контрбарлау жұмысы бойынша бөлім) бастығының орынбасары подполковник Валентин Чугаев "Көшпелілер" ("Кочевники") деген атпен Шона Смаханұлының, Ақселеу Сейдімбектің, Мұрат Әуезовтың, Олжас Сүлейменовтің сырттарынан іс жүргізіп, біраз дерек жинақтап үлгереді.
Мұнан әрі Ақселеу Сейдімбекке баспасөз атаулының есігі тарс жабылады (әрине, МҚК-нің нұсқауымен). Содан, МҚК-нің наразылығына қарамастан Ұлттық Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Шериаздан Елеукенов еден тазалаушының бос орнына Ақселеу Сейдімбекті лаборант ретінде қызметке алады. Ол кезде уакыт қатал болатын, Желтоқсан оқиғасынан кейін ел ішіндегі саяси-идеологиялық ахуал ширьнып тұрған. Мұндайда белгілі бір ұжым аясында еңбек етпейтін ел азаматтарының Шона Смаханұлы сияқты тосын мерт болуы оп- оңай еді.
Ақселеу Сейдімбек 1987-1997 жылдар аралығында Ұлттық Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атыңдағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (Қолжазба орталығы) болып қызмет атқарады. Бұл жылдары ол ғылыми жұмысқа біржола ден қойып, теориялық білімін одан әрі тереңдетіп, әсіресе қазақ халқының әлі де болса игерілмей жатқан фольклорлық мұрасын жинау, зерттеу, жариялау жұмыстарымен бел шеше айналысады.
Ақселеу Сейдімбек 1989 жылы "Қазақтың дәстүрлі халық лирикасындағы қара өлең жанры" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Қазақтың қара өлеңі халық арасына ең бір кең тараған, ел ішінде туындауын күні бүгінге дейін тоқтатпаған, өмір бейнелегіш және өмір реттегіш қасиеті аса тегеурінді, поэтикалық болмысы мейлінше төлтума, көпшілік қолды, демократияшыл жанр ретінде тұңғыш рет арнайы зерттеу обьектісіне айналады, сөйтіп, төл сипаты ғылыми байсалдылықпен сараланады.
Ақселеу Сейдімбектің өнер және өмір туралы, өнердің төлтумалылығы жайында, әсіресе, халықтың тарихи тұлғасын айғақтайтын мәдени-рухани үрдіске қатысты жазылған "Сонар" атты ғылыми-көпшілік кітабы 1989 жылы жарық көреді. Бұл еңбегі үшін Қазакстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты атағы беріледі.
Қазақ халқының рухани мәдениетінде музыканың, оның ішінде күй өнерінің алар орыны айырықша. Күй — синкретті өнер. Күйді таратушының шеберлігі, күйді шығарушының өмір дерегі, күйдің шығу себебі туралы аңыз-әңгімесі және күйді түсінетін тыңдаушы бір сәтте тоғысқанда ғана күй өнері біртұтас жанрлық болмысын айғақтай алады. Бұл талаптардың бірі кемшін болған жағдайда күй өнерінің жанрлық болмысы бүтін болмайды. Күй өнері өзінің молдығымен, эстетикалық - эмоциялық рухының асқақтығымен және ғасырлар аясындағы оқиғаларды арқау етуімен ұлттық рухани мәдениетіндегі айырықша құбылыс болып табылады. Бүгінгі таңда тіркеуге алынған, қолда бар күйлердің саны бес мыңдай. Бұл күйлердің барлығының дерлік аңыз -әңгімесі бар. Ол аңыз - әңгімелер өрісі байырғы көшпелілердің, берісі қазақ халқының тарихи-әлеуметтік өмірінің "жанды шежіресі" (М.О.Әуезов) болып табылады.
Өкінішке орай, осы ұлы мұра соңғы кезге дейін музыка зерттеушілері үшін филологиялық обьект больш есептелсе, филологтар үшін музыкалық мұраның обьктісі ретінде ескерусіз қалып келді. Міне, әрі тарихи зердені, әрі музыкалық біліктілікті, әрі филологиялық пайымдауды қажет ететін қазақтың осы сияқты синкретті бітімдегі мол мұрасын жинауда, зерттеуде және халықтың рухани игілігіне айналдыруда А. Сейдімбек тұңғыш рет кешенді зерттеулер жүргізіп, нағыз ғалымға лайық табандылық таныта алды. Осы мәселелерді саралай отырып, ол 1997 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Күй өнеріне қатысты Ақселеу Сейдімбектің ғылыми ізденісі докторлық диссертация қорғауымен тынған жоқ. Ұлттың рухани әлемінде күй өнерінің айырықша орынын терең сезінген ол тынымсыз іздене жүріп, тақырыпқа тікелей қатысы бар әлемдік аядағы айғақ-деректерді ерінбей жинайды. Байырғы көшпелілердің музыкалық мәдениетіне қатысты грек, рим, араб, парсы, қытай жәдігерліктерінен мағлұмат сүзеді. Өзі тікелей тұз жұмыстарын жүргізіп, ел ішінен екі мыңдай күй аңызын жинақтайды, оның жүздеген таңдаулы нұсқаларын хатқа түсіреді, 150-ге тарта күйші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер жинайды. Сөйтіп, күй өнерінің тарихи-деректік, жанрлық- құрылымдық, философиялық-эстетикалық мәнін ғылыми биік өреде жан-жақты ашып көрсеткен "Қазақтың күй өнері" атты көлемді еңбегін (2002) жарыққа шығарады. Оның бұл кітабы қазақтың төлтума мәдениетін танып-түсіну жолында терең біліктілікпен жазылған, энциклопедиялық мол дерек беретін, ғылыми жаңалығы толымды еңбек ретінде назар аудартады. Ақселеу Сейдімбек 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры болып тағайындалады. Ал, 1998-1999 жылдары осы институттың негізінде құрылған Білім Академиясының тұңғыш президенті болады. Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының 50-60 адамдық шағын ұжымын 400-ге тарта адамы бар Қазақтың Білім Академиясына айналдыру, оның ішінен орта білім, кәсіптік білім, жоғары білім институттарын және Республикалық баспа кабинеті сияқты құрылымдарды жасақтау, сондай-ақ, бұл құрылымдардың міндет-мақсатын белгілеу, сөйтіп тәуелсіз Қазақстанның біртұтас білім саясатын жүзеге асыруға жұмылдыру шаралары кыруар күш - жігер жұмсауды қажет етеді. Қазақтың Білім Академиясының президенті ретінде Ақселеу Сейдімбек Республикадағы білім берудің барлық сатысына қатысты білім стандарттарын жасау, сол стандарттармен үндес базистік жоспарлар дайындау, жаңадан жасалатын білім стандарттары мен базистік жоспарларды негізге ала отырып, әр пәннің бағдарламасын әзірлеу, сол бағдарламалардың негізінде жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау, бұл оқулықтардың, міндетті түрде алдымен қазақ тілінде жазылуын қамтамасыз ету, сонсоң ғана қажет болатын басқа тілдерге аудару, сондай-ақ білім беру технологиясының сан-сала проблемасына қатысты ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу, ең бастысы, білім беру жүйесіне қатысты осынау аса мәнді, өзекті мәселелердің баршасына ұлттық мемлекеттік қадыр-қасиет дарыту сияқты жұмыстарға басшылық жасай білді.
Ақселеу Сейдімбектің 1997 жылы "Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау" атты толымды еңбегі жарық көреді. Бұл кітаптың толыққан нұсқасы орыс тіліне аударылып "Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление" деген атпен 2001 жылы жарыққа шықты. Оқырман қауымның ынта - ықыласына ие болған бұл басылымдарда автор казақтың төл тарихына, дәстүрлі мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына қатысты мейлінше мол деректер келтіре отырып, ғылыми қисындары орнықты тың ой- тұжырымдарын азат рухпен ортаға салған. Астана қаласында жаңадан бой көтерген Қазақстан Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып Ақселеу Сейдімбек 1999-2000 жылдары кызмет атқарады. Білікті мамандармен тізе қоса жүріп, Президенттік Мәдени орталықтың тұжырымдамасын жасауға ат салысады.
Ақселеу Сейдімбек 2000 жылдың шілде айында Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлтттық университеті журналистика кафедрасының меңгерушілігіне және осы университеттің профессорлығына қызметке шақырылады. Ол өз бойындағы мол білімі мен тәжірибесін болашақ журналист-қаламгерлердің шындалып шығуына жұмсап, "Журналистика және публицистика жанрлары", "Журналистік шығармашылық психологиясы", "Журналистік шеберлік" жалпы курстары бойынша, сондай-ақ өзі негіздеп, оқу жоспарына енгізген 'Журналистика және ұлттық діл: теория мен практика" арнаулы курсына дәріс оқыды. Ол университет Ғылыми кеңесінің мүшесі, университет аясында жарық көретін Астана қалалық студенттер мен жастардың газеті "Аудиторияның" бас редакторы болды. Ақселеу Сейдімбек "Ықылас күйші" (1983), "Әнші Жәнібек Кәрменов" (1993), Абайдың "Ескендір" поэмасы (1994), "Асыл қазына" (1996), "Зергер" (1998) телефильмдеріне және Асанәлі Әшімовтың "Қозы Көрпеш—Баян сұлу" атты екі сериялы көркем фильміне (1993) түскен. Ақселеу Сейдімбек қоғамдық өмірге де сергек араласып отырады. Ол Қазақстан Республикасының Терминология және ономастика комитетінің, Қазақтың Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесі президиумының, Ғылыми қызметкерлерді аттестациялау департаментінде эксперттеу комиссиясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының, ПЕН-клубтың мүшесі, "Жұлдыз", "Жалын", "Парасат", "Зерде", "Ана тілі", "Қазақ әдебиеті" сияқты газет-журналдардың алқа мүшесі болды. Сондай-ақ, Түркістан, Астана, Бішкек, Москва, Тбилиси, Ереван, Киев, Кабул, Бонн, Стамбул қалаларында өткен халыкаралық, бүкілодақтық, аймақтық, республикалық, ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Ол Қарағанды облысындағы өзі туып - өскен Жаңаарқа, Шет аудандарының құрметті азаматы.
Достарыңызбен бөлісу: |