Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет21/84
Дата21.10.2022
өлшемі330,86 Kb.
#154276
түріКонкурс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
107-comp-doc-kaz-dop.-10-02-2021-15-08-44

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Түйе шаруашылығында селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу, генетикалық ресурстарын сақтау және жетілдіру технологиясын дайындау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
7 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Түйе шаруашылығында селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу, генетикалық ресурстарын сақтау және жетілдіру технологиясын дайындау.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Өнімділіктің әр түрлі бағытындағы түйелерді генотиптеуін жүргізілуі және Қазақстандағы түйелердің генетикалық ресурстарының ақпараттық дерекқорын құру.
2.1.1.2. Түйе шаруашылығында (10 шаруашықтан кем емес) сүт индустриясын дамытудың әр түрлі аймақтарында өнімділіктің сүтті бағытында түйелердің қалаулы типтерді қалыптастыру.
2.1.1.3. Өнімділіктің әртүрлі бағытындағы түйелерді генотиптеу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеу.
2.1.1.4. Қазақстан түйелерінің генетикалық ресурстары бойынша ақпараттық дерекқорын құру.
2.1.1.5. Молекулярлық генетиканы қоса алғанда, биотехнология жетістіктері, сондай-ақ, селекцияның қазіргі заманғы зоотехникалық, ақпараттық-статистикалық әдістері, өнімділікті бағалау және болжау негізінде түйе шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды сақтаудың және жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологиясын әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Өнімділіктің әр түрлі бағытындағы түйелерді генотиптеу жүргізілуі және Қазақстандағы түйелердің генетикалық ресурстарының ақпараттық дерекқоры құрылуы тиіс.
4.1.1.2. Түйе шаруашылығында (10 шаруашықтан кем емес) сүт индустриясын дамытудың әр түрлі аймақтарында өнімділіктің сүтті бағытында түйелердің құптарлық типтері қалыптастырылуы тиіс.
4.1.1.3. Өнімділіктің әртүрлі бағытындағы түйелерді генотиптеу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленуі тиіс.
4.1.1.4. Қазақстан түйелерінің генетикалық ресурстары бойынша ақпараттық дерекқоры құрылуы тиіс.
4.1.1.5. Молекулярлық генетиканы қоса алғанда, биотехнология жетістіктері, сондай-ақ, селекцияның қазіргі заманғы зоотехникалық, ақпараттық-статистикалық әдістері, өнімділікті бағалау және болжау негізінде түйе шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды сақтаудың және жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологиясын әзірленуі тиіс.
3 қорғау құжаты алынуы тиіс, оның ішінде:
- мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер бойынша Қазақстан Республикасының 1 патенті;
- Еуразиялық патенттік мекемесінің 1 патенті;
- SNP-технологияларын пайдалана отырып, өнімділіктің әртүрлі бағытындағы түйелерді генотиптеу бойынша 1 авторлық куәлік.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 2 PhD докторант және 4 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 6 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түйе өсірудегі генетикалық әлеуетті арттыру арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері түйе өнімі өндірісінің көлемін ұлғайтуға, қосымша өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл ауылдағы жұмыс орындарының көбеюіне сәйкесінше әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Түйе шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды сақтау мен жетілдіру түйе өсіру өнімдерін өндірудің экологиялық таза технологияларын қолдануға бағытталады (шұбат және басқа түйе өнімдерінің өндірісін ұлғайту, бұл экологиялық таза өнім өндірісін шешуге ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет