Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет32/84
Дата21.10.2022
өлшемі330,86 Kb.
#154276
түріКонкурс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
107-comp-doc-kaz-dop.-10-02-2021-15-08-44

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Органикалық егіншіліктің әдістерін пайдалана отырып азықтық дақылдарын өсірудің ресурстарын үнемдейтін технологияларды әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 18 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Органикалық егіншіліктің әдістерін пайдалана отырып азықтық дақылдарын өсірудің ресурстарын үнемдейтін технологияларды әзірлеу.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Қазақстанның әр түрлі экологиялық аймақтары мен аумақтары үшін перспективалы азықтық дақылдары (оның ішінде аридті дақылдар) үшін алғашқы тұқым өсіру питомниктерін құру арқылы мал азықтық дақылдардың алғашқы тұқым өндірісін ғылыми түрде қамтамасыз ету.
2.1.1.2. Азықтық өсімдік шикізатындағы микотоксин өндірушілерін анықтауға арналған жоғары сезімтал молекулалық-генетикалық жүйелерді құру.
2.1.1.3. Технологияларды цифрландырумен мал азықтық дақылдардың әр түрлі тұқымдарының сапаларын сынау үшін 10 тәжірибелік алаң негізінде мал азықтық дақылдардың элиталық және түпнұсқа тұқымдарын зерделеу.
2.1.1.4. Қойларды қыстайтын айналасында жем-шөп дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіре отырып, жем-шөп өндірудің тиімді схемаларын әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1. Қазақстанның әр түрлі экологиялық аймақтары мен аумақтары үшін перспективалы азықтық дақылдары (оның ішінде аридті дақылдар) үшін алғашқы тұқым өсіру питомниктерін құру арқылы мал азықтық дақылдардың алғашқы тұқым өндірісін ғылыми түрде қамтамасыз ету керек.
4.1.1.2. Азықтық өсімдік шикізатындағы микотоксин өндірушілерін анықтауға арналған жоғары сезімтал молекулалық-генетикалық жүйелерді құру керек.
4.1.1.3.Технологияларды цифрландырумен мал азықтық дақылдардың әр түрлі тұқымдарының сапаларын сынау үшін 10 тәжірибелік алаңдар негізінде мал азықтық дақылдардың элиталық және түпнұсқа тұқымдарын зерделеу керек.
4.1.1.4. Қойларды қыстайтын айналасында жем-шөп дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіре отырып, жем-шөп өндірудің тиімді схемаларын әзірлеу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- жем-шөп өндіру кезінде егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру бойынша әдістемелік ұсыным;
- қойдың қыстауы жағдайында қойларды әр түрлі азықтық дақылдарын өсіру арқылы қамтамасыз ету үшін азықтық өндірісінің тиімді сызбанұсқаларын әзірлеуге әдістемелік нұсқаулық.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 3 PhD докторант және 10 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 12 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мал шаруашылығы үшін жем-шөп базасын құру және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту мәселелерін шешу арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға, ауылшаруашылық құрылымдарында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл сәйкесінше әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Қазақстанда құрғақшылыққа төзімді мал азықтық дақылдарды кеңінен енгізу ғаламдық климаттың өзгеруіне бейімделу және оның зардаптарын азайту жағдайында экологиялық проблемаларды шешуге үлкен үлес қосады.
Органикалық өсіру әдістерін қолдана отырып мал азықтық дақылдарды өсірудің ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу және жетілдіру болашақта экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет