Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі



бет81/84
Дата21.10.2022
өлшемі330,86 Kb.
#154276
түріКонкурс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
107-comp-doc-kaz-dop.-10-02-2021-15-08-44

3. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі

9. Орындаушының Шарттың орындалуының жекелеген кезеңдерінде және аяқталғаннан кейін ресімдеуі және тапсыруы тиіс ғылыми, техникалық және басқа да құжаттаманың тізбесі Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарда айқындалған.


10. Шарттың жекелеген кезеңдері бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген құжаттаманы беру орындалған жұмыстардың актілеріне және Орындаушының аннотациялық есебіне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау орнына барып, осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте Орындаушы тапсырыс берушінің талап етуі бойынша осы Шарттың орындалғанын растайтын барлық құжаттарды ұсынуға міндетті.
12. Орындаушы тапсырыс берушіге МЕМСТ 7.32-2001 бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жылдық есепті (3 данада) және орындалған жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестігі туралы қорытындымен ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық немесе үйлестіру) кеңес хаттамасының көшірмесін жыл сайын 1 қарашадан кешіктірмей ұсынуға міндеттенеді.
Орындаушы Тапсырыс берушіге «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірмей бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды пайдаланудың жыл сайынғы қаржылық есебін ұсынуға міндеттенеді.
13. Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынылған есептер бойынша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысын және орындалған жұмыстардың актісін 2023 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
14. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы.
15. Егер жұмыстарды орындау процесінде шарасыздан теріс нәтиже алынса немесе жұмыстарды одан әрі жүргізудің орынсыздығы анықталса, Орындаушы жұмыстарды орындауды тоқтата тұрған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіні хабардар ете отырып, оны тоқтата тұруға міндетті.
Бұл жағдайда Тараптар жұмыстарды орындауды жалғастырудың орындылығы мен бағыттары туралы мәселені қарауға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет