Конкурстық ҚҰжаттама



бет3/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,81 Mb.
#36801
түріКонкурс
1   2   3   4

Толтырылған күні ________________________________________

М.О.
Үлгі конкурстық құжаттамаға

4 қосымша
Конкурсқа қатысуға өтініш

(жеке тұлға үшін)

(Кімге)

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)



(Кімнен)_____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы көрсетіледі)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекен-жайы




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы




Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (банктің немесе оның филиалының толық атауын, СТН, БСН мен мекен-жайын қоса алғанда)




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почталық мекен-жайы мен электрондық почтасының мекен-жайы (ол болған кезде)




2. ________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді – қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім ____ күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз. (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.


________________________________________________________________

(Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің Т. А. Ә. және оның қолы)



Толтырылған күні ________________________________________

Үлгі конкурстық құжаттамаға 5 қосымша



Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алуы кезінде толтырады)

 

1. Әлеуетті өнім берушінің атауы________________________________________________



________________________________________________

Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің номері және тіркелген орны: ________________________________________________
2. Әлеуетті өнім беруші соңғы бес жыл ішінде ұсынған (өндірген, конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемі, теңгемен

 


Тауардың атауы

Тапсырыс берушілердің

атауы мен олардың телефондарының нөмірлері

Тауарды беру орны мен күні

Шарттың құны, теңге

(көрсетілмесе де болады)

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

3. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)

 


Р/с



Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі

Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

 

4. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау және растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беру қажет.

____________________________________________________________________________________________________________________

5. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсынымдық хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың пікірлерін санамалау және қоса беру қажет

____________________________________________________________________________________________________________________.

 

Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.



Қолы___________________________

Үлгі конкурстық құжаттамаға 6 қосымша



Банктік кепілдік

Банктің атауы:____________________________________________________


                      (банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:____________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

_________кепілдік міндеттеме


______________________________    ____ж. "___"______________
      (орналасқан жері)

    Біз бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын,_______________________,


                                    (әлеуетті Жеткізушінің атауы)
________________________________ұйымдастырған_____________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және ______________
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс (лот/-тар)
бойынша атауын беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
      ________ж. "___"______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті Жеткізушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
      Осыған байланысты біз_______________________осымен өзімізге
                              (банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткізуші:
      конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
      танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
      конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.
      Бұл кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
      Бұл кепілдік міндеттеме Жеткізушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

   Кепілгердің қолы мен мөрі              Күні мен мекен-жайы    

Үлгі конкурстық құжаттамаға 7 қосымша

Берешектігі жоқтығы туралы анықтама

      Банк (атауы)_______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).

      Күні
      Қолы
      M.О.

Үлгі конкурстық құжаттамаға 8 қосымша



Конкурста сатып алу мәні болып табылатын, жұмыстарды
     орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету
    кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ
          әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (қоса
    орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
                (конкурстың толық атауын көрсету қажет)

Р/с


Қосалқы
мердігердің
(қоса
орындаушы) - заңды
тұлғаның атауы не жеке
тұлға болып
табылатын
қосалқы
мердігердің
(қоса
орындаушы-
ның)
- Т.А.Ә.

Қосалқы
мердігер
(қоса орын-
даушы) салық
төлеушісінің
тіркеу нөмірі,
оның толық
заңды және
почталық
мекен-жайы,
байланыс
телефоны

Техникалық
ерек-
шелікке
сәйкес
орын-
далатын
жұмыс-
тардың
(көр-
сетілетін
қызмет-
тердің)
атауы

Техникалық
ерекшелікке
сәйкес орында-
латын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай
мәндегі көлемі

Техникалық
ерекшелікке
сәйкес орында-
латын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай
мәндегі көлемі





































Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша барлығы




теңге




көлемінің %





































Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша барлығы




теңге




көлемінің %

Барлық қосалқы мердігерлер (қосаорындаушылар) бойынша жиыны




теңге




көлемінің %

      Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігері(лері) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

қосалқы мердігер
(қоса орындаушы) -
заңды тұлғаның атауы
не жеке тұлға болып
табылатын қосалқы
мердігер (қоса
орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігердің (қоса
орындаушының)
уәкілетті өкілінің Т.А.Ә.

Қолы






















      Әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.                         

Үлгі конкурстық құжаттамаға 9 қосымша

        
Әлеуетті жеткізуші бағаларының кестесі

 (әлеуетті жеткізушінің атауы әр лотқа жеке толтырылады)

 




Мазмұны

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер

атауы

1.

Қысқаша сипаты

 

2.

Шығарылған елі (жұмыстарды сатып алу кезінде алынып тасталады)

 

3.

Жасаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде

алынып тасталады)

 

4.

Өлшем бірлігі

 

5.

Баға_______бірлікке___________

ИНКОТЕРМС 2000 шарттары

бойынша _________

(белгіленген пункті)

 

6.

Саны (көлемі)

 

7.

Барлық бағасы =__________

б. 5 х б. 6,

 

8.

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС

2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті жеткізушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар

 

 

Әлеуетті жеткізуші басқа шығыстарды да көрсетуге құқылы, оның ішінде:

жеңілдіктер берілетін жағдайда, оның көлемі

 

Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз



__________________________________________________________________

(егер олар болса)

__________________________________________________________________

(төлемнің балама шарттары көрсетіледі)

немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ ______________)

бұл ретте________________мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз

__________________________________________________________________

(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)

________________________      _______________________

(Қолы)                      (лауазымы, тегі)

 

М.О.

 

Ескертпе: әлеуетті жеткізуші жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті жеткізушінің барлық шығындарын ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

Үлгі конкурстық құжаттамаға 10 қосымша



Тауарларды мемлекеттік сатып алу

туралы үлгі шарт

 

__________________

(Орналасқан жері)

_________ж. «___» _______________

 

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан,______________________________________________________________________

                                  (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын

________________________________________________________________________атынан

                                                  (жеткізуші - конкурс жеңімпазының толық атауы)

__________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

                                                       (Жарғының, Ереженің және т.б.)

____________________________________________________________________________

                                                     (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Жеткізуші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Жеткізушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) «Тауарлар» нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

4) «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Жеткізушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

5) «Қызмет көрсету» - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;

6) «Тапсырыс беруші» - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар,  дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;



7) «Жеткізуші» - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Жеткізуші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Жеткізуші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

5. Жеткізушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Жеткізуші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:

1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.

Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген жеткізушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

Конкурс нәтижелері бойынша жасалған Мемлекеттік сатып алу шарты жеткізушінің уәкілетті органға өтінім мен шартты баға арасындағы айырма ретінде алынған кірісті пайдалану бойынша ақпарат бергені туралы келісім шарттарын қамтуы тиіс, мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

9. Жеткізуші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) Жеткізушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны__________________________________

(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)

10. Төлеу мерзімі_____________________________________________

(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б)

11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

__________________________________________________________________

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі және т.б.)

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Жеткізушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

2) егер жеткізуші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) жеткізуші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

13. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Жеткізуші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

14. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Жеткізуші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Жеткізушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.

16. Техникалық бақылау мен сынақ Жеткізушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Жеткізушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Жеткізуші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.

18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Жеткізушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

19. Жеткізуші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.

21. Тауарларды беруді Жеткізуші сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:

а) шетелден келетін Тауарлар үшін:

Тауарды түсіргеннен кейін Жеткізуші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:

1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Жеткізушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

4) сақтандыру Сертификаты;

5) дайындаушының немесе жеткізушінің кепілдік сертификаты;

6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Жеткізушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Жеткізуші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.

б) Жергілікті Тауарлар үшін:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Жеткізуші шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

3) Дайындаушының немесе Жеткізуші кепілдік сертификаты;

4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Жеткізуші зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Жеткізушінің бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.

23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, «барлық қатерлерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға» Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.

24. Жеткізуші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Жеткізуші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.

25. Осы Шарттың шеңберінде Жеткізуші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

27. Тапсырыс беруші Жеткізуші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Жеткізушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді Жеткізушіден талап етуі мүмкін.

28. Жеткізуші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:

а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;

б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.

29. Жеткізуші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Жеткізуші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Жеткізуші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.

30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай

________________________________________________________________________________________ішінде жарамды.

                                                            (кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)

31. Тапсырыс беруші Жеткізушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Жеткізуші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

33. Егер Жеткізуші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Жеткізуші есебінен және Тапсырыс беруші Жеткізушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

34. Жеткізушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

35. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.

36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе жеткізуші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

37. Егер кез келген өзгеріс Жеткізушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Жеткізушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Жеткізуші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.

38. Жеткізуші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

39. Жеткізуші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Жеткізушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

40. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Жеткізуші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

42. Егер Шарты орындау кезеңінде Жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Жеткізуші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Жеткізушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Жеткізушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Жеткізуші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Жеткізушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер Жеткізуші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Жеткізуші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

45. Жеткізуші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

46. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Жеткізушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Жеткізуші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

48. Тапсырыс беруші, егер Жеткізуші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Жеткізушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Жеткізушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

49. Тапсырыс беруші Жеткізушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

50. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Жеткізуші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Жеткізушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Жеткізушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

52. Тапсырыс беруші мен Жеткізуші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Жеткізуші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

53-1. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

55. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

60. Жеткізуші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

60-1. Әлеуетті жеткізуші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.

61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Жеткізуші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Жеткізуші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

 

Тапсырыс беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________

(қолы)

________ж. «__»__________

 

М.О.

Жеткізуші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________

(қолы)

________ж. «__»__________

 

М.О.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет