Конкурстық негізде жоғары стипендия алу мүмкіндігі магистр дипломымен мансаптық өсу мүмкіндіктері көбірек



бет2/2
Дата09.12.2022
өлшемі20,63 Kb.
#161954
түріКонкурс
1   2
Байланысты:
Сауалнама

Сауалнама нәтижесі бойынша есеп
Сауалнамаға 2 курстың 13 магистранты қатысты. Жалпы сауалнама нәтижелері магистранттардың университеттегі оқу процесіне көңілдері толатынын көрсетті. Респонденттердің 88%-на магистрлік бағдарламаны игеру қиындық тудырмайды. Қалған респонденттер атап көрсеткен негізгі қиындықтарына, ең алдымен, магистранттардың уақыт жетіспеушілігі және ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу жатады. Магистерлік бағдарламалардың оқытушылар құрамы респонденттермен жоғары бағаланғаны қуантады. Сауалнамада ұсынылған барлық критерийлер бойынша магистранттардың 95%-дан астамы жақсы бағалады. Респонденттердің 55%-ы ЖОО-ның ғылыми білім беру ортасымен толық қанағаттанады (68%-ы кітапхана қорлары мен электрондық білім беру ресурстарының қолжетімділігі), тағы 32%-ы (орта есеппен) ішінара қанағаттанады. Респонденттердің 85%-ы өз жетекшісімен үнемі кездесіп отырады, ал кездесудің бастамашысы жетекші (жауаптардың 53%) немесе магистранттың өзі (жауаптардың 47%) де екендігі анықталды. Сауалнамаға қатысушылардың 8%-ы практиканы «қанағаттанарлықсыз» деп бағалады. Жалпы бағалау бойынша көрсеткіш жоғары болғанымен, осы мәселеге назар аударған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет