Конрад Аденауэр атындағы Қор


Жаңа стратегиялық теңестіру және



Pdf көрінісі
бет12/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Жаңа стратегиялық теңестіру және 
«ҚазМұнайГаздың» рөлі
Мұнай-газ инфрақұрылымына, атап айтқанда, CPC құбыржолын салу 
және Каспий көлік жүйесін құру сияқты инвестицияларға басымдық 
беріледі. Шикі мұнайдың бір баррелін өндіру орташа құны 28 АҚШ дол-
ларын құрайды, дегенмен бұл есептеу қазақстандық мұнай секторы-
ның қайтадан пайда табуы үшін көлік шығындарының жоғары деңгейін 
немесе транзиттік төлемдерді білдірмейді, бұл әлемдік нарықтағы шикі 
мұнай бағасының жаңа өсуіне байланысты болады 
50
. Қазақстандық мем-
лекеттік бюджетті теңестіру үшін әлемдік нарықтағы баға кем дегенде 
66 АҚШ доллары болуы керек екендігін ескере отырып, өндірістік шығын-
дардың төмендеуі де басымдыққа ие 
51
.
Бұдан басқа, тасымалдаудың шектеулі мүмкіндіктері мұнай өндіруді дамы-
туға және еліміздің экспортын ұлғайтуға кедергі келтіреді. Қазақстан Үкіметі 
жылына 558,5 млн баррельден өнім өндіруді жылына 1,1 млрд баррельге 
дейін арттыру жөніндегі жоспарларын іске асыруы үшін зор қаржылық күш-
жігер мен саяси сараптама қажет 
52

2002 жылы құрылған «ҚазМұнайГаз» 
ұлттық мұнай компаниясы (KMG) мемлекеттің оң қолы ретінде жетекші 
рөл атқарады. Иран, Ирак және Ливиядағы шикізат өндірісінің артуы, сон-
дай-ақ Америка Құрама Штаттарындағы сланец революциясы арқасында 
жаһандық мұнай нарығындағы артықшылықты ескере отырып, компа-
ния өзінің стратегиялық басымдықтары мен ұзақ мерзімді мақсаттарын 
қайта анықтады.
Компанияның бастапқы қаржылық жағдайын жақсарту және жоғары әрі 
төменгі секторларға арналған тұрақты кәсіпорынға апстрим- және даун-
стрим- секторлары үшін (мұнай өндіру және өндіру, сондай-ақ оны тасы-
малдау) оны қайта құруды жеделдету мақсатында ҚМГ шикізатты өңдеуді, 
50
Петрофф, Аланна / Елин, Таль 2015: Rystad Energy на CNN Money, Rystad Energy, 23.11.17, 
https://www. rystadenergy. com/NewsEvents/PressReleases/rystad-energy-on-cnn-money 
[17.01.2017].
51
Stratfor 2014: Мұнай бағасы құлдырағанда, кейбір елдер жоғалтады, Stratfor, 04.11.17, 
https://www.stratfor.com/analysis/when-oil-prices-drop-some-countries-lose [17.01.2017]
52
Хугендорн, Джонатан 2016: Қазақстан әлемдегі ең үздік 10 – мұнай өндіруші болуға ұмты-
луда, OILPRICE, 22.07.2016, http://oilprice. com/Energy/Crude-Oil/Kazakhstan-Moves-Towards-
Becoming-A-Top-10-Oil-Producer. html [17.01.2017]


27
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
яғни шикізатты қайта өңдеу секторынан бөлуге ниетті 
5354,
. Мұндай страте-
гияның үлгісі 2015 жылдың желтоқсан айында 
«CEFC China Energy Company 
Ltd.» қытай компаниясының 4 миллиард долларға ҚазМұнайГаз Интер-
нэшнл (KMGI) компаниясын сатып алуы болып табылады 
55
. Бұған 
ҚМГ-ға 
тиесілі Қара теңіздегі (Румыния) «Petromidia» мұнай өңдеу зауытын сату 
да жатады. Бұл іс-шараға 2016 жылы жекешелендіру бағдарламасының 
аясында Павлодар, Атырау және Шымкент қалаларында ескі үш мұнай 
өңдеу зауыттарымен сауда- саттық өткізу де маңызы жағынан тең келеді 
56
.
2012–2014 жылдардағы қайта жаңғыртуға қарамастан, бұл зауыттар 
қазақстандық мұнай өнімдерінің нарығына сұранысты қанағаттандыра 
алмайды, оны 2017 жылдың жаз мезгілінің соңында болған жағдай дәлел-
деді. Оның орнына, 30%-ға жуық жалпы сұраныстың тапшылығы Ресей 
Федерациясының импорты есебінен жабылады 
57
. Сонымен қатар, жаңа 
МӨЗ жаңғыртуға және салуға салынған инвестициялар Ресейге экономи-
калық тәуелділікті қысқартып қана қоймай, сондай-ақ Еуропаға жоғары 
октанды бензин немесе керосин сияқты жоғары сапалы мұнай өнімдерін 
экспорттауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты экономикалық және 
геосаяси тұрғыдан бизнес- стратегияны сын тұрғысынан қайта қарас-
тыру керек.
53
Авторлық ескертпе: Апстрим: шикі мұнайды өндіру; Мидстрим: мұнайды тасымалдау
Даунстрим: шикі мұнайды қайта өңдеу (рафинерия);
54
«ҚазМұнайГаз» 2016: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы, 
01.03.2016 ж. ҚазМұнайГаздың» ішкі стратегиялық құжаты.
55
Коэн, Ариэль 2016: Қазақстанның мұнай және газы: қуатты серіктестік әлеуеті, Таяу 
Шығыс институты, 04.04.2016, http://www. mideasti. org/sites/default/files/Cohen%20Op-Ed. 
pdf [17.01.2017].
56
Коңырова, Күлпаш 2015: Қытай қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын сатып 
алуды ойластырып отыр, NEWEUROPE, 11.11.2015, https://www. neweurope. eu/article/
chinamullsbuying-kazakh-oil-refineries/ [17.01.2017].
57
kazinform 2014: Қазақстан Ресейден түрлі отын өнімдерінің 30% импорттайды, kazinform, 
05.11.14: http://www.inform.kz/en/kazakhstan- imports-up-to-30-of-various-fuel-products-
from-russia_a2713663 [17.01.2017]


28
Қазақстан экономикасының трансформациясы
1992 1994 1996 1998 2000
2000
1800
1600
1400
1200
1000
800
600
400
200
0
2002 2004 2006 2008 2010 2012 2014
Шикі мұнайды өндіру
Шикі мұнайды экспорттау
Қайта өңделген мұнай мөлшері
Шикі мұнайды тұтыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет