Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет140/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

3. Еңбек көші-қонын реттеу
3.1. Еңбек көші-қонын халықаралық-құқықтық реттеу
Мигранттардың жұмысы туралы барлық халықаралық еңбек актілерін үш 
топқа бөлуге болады: БҰҰ актілері (Мысалы, Барлық жұмысшы-мигранттар-
дың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы 1990 
ж. халықаралық конвенция); ХЕҰ актілері (1949 жылғы Мигрант жұмыскер-
лер конвенциясы (қайта қаралған) № 97, ХЕҰ № 143 Көші-қон саласындағы 
теріс пайдалану және жұмысшы-мигранттардың құқықтарын қамтама-
сыз ету туралы конвенция (еңбек мигранттары туралы қосымша ереже-
лер), Аймақтық ұйымдардың актілері (мысалы, 1977 жылы қабылданған 
Мигранттардың құқықтық мәртебесі туралы Еуропалық конвенция)
17
.
17
Лютов Н.Л., Морозов П. Е Халықаралық еңбек құқығы: оқулық / Мәскеу: Проспект, 
2011. - 194 б.


273
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу: проблемалары және шешімдер
Бүгінгі күні Қазақстан 1990 жылғы Барлық жұмысшы-мигранттардың және 
олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық кон-
венцияға қосылмаған. Сонымен қатар, Конвенцияда мемлекеттің азаматта-
рына қарағанда, еңбекші-мигранттарды жұмыспен қамту, сондай-ақ сыйақы 
және басқа да еңбек жағдайлары бойынша: артық жұмыс уақыты, жұмыс 
уақыты, апта сайын демалу, демалыс, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, еңбек 
қатынастарын тоқтату және ұлттық заңдар мен практикаға сәйкес осы тұжы-
рымдамаға жататын кез келген басқа еңбек жағдайлары; жұмысқа орнала-
судың ең төменгі жасына, үйде жұмыс жасауға арналған шектеулерге және 
ұлттық заңдар мен практикаға сәйкес жұмыспен қамту жағдайлары деп сана-
латын басқа да мәселелерге байланысты шектеулер көзделгенін көрсетеді.
Қазақстан қаржылық себептер бойынша және «Қазақстан Республика-
сының қолданыстағы заңнамасымен Конвенцияның белгілі бір норма-
ларының сәйкессіздігіне» байланысты Конвенцияға «мерзімінен бұрын» 
қосыла алмайды.
Бұдан басқа, Қазақстан ХЕҰ Жұмысшы-мигранттары туралы конвенция-
сының (

97) және Көші-қонды теріс пайдалану және жұмысшы-мигрант-
тармен қамтамасыз ету туралы 

143 конвенциясының қатысушысы 
болып табылмайды.
Факт үшін – Қазақстан еңбек көші-қоны саласындағы БҰҰ және ХЕҰ жалпыға 
бірдей конвенцияларының бірде-бірін әлі ратификацияламады (қосылмады).
Қазақстан ТМД және ЕАЭО аясында өңірлік (интеграциялық деңгейде) 
жасалған еңбек миграциясы туралы конвенцияға ғана қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет