Конрад Аденауэр атындағы Қор


дық тарап ұзақ уақыт бойы жақтаған қазақстандық ауылшаруа-



Pdf көрінісі
бет107/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

дық тарап ұзақ уақыт бойы жақтаған қазақстандық ауылшаруа-
шылығы өнімдерінің импортына бірқатар елеулі тосқауылдарды 
алып тастағаны белгілі болды. Іскерлік визаны алудың жеңілдетілген 
процесін бастады. Сондай-ақ, Қытай мен Қазақстан 2017 жылы бірқатар 
туристік іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылдады.
«Шығыс Қазақстан облысында ет кластерін бірлесіп жүзеге асыру туралы 
меморандумды»
да атап өтуге болады. Кластерде жалпы жылдық қуаты 
17 мың тонна болатын қозы еті мен қой етін өндіруге арналған ет өңдеу 
кешенін салу жоспарланып отыр. 
Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту 
үшін фермерлік шаруашылық желісін құру жоспарлануда. Құжатқа сәйкес, 
қытайлық тараптан жалпы инвестиция 11 млн АҚШ долларынан асады.
Алайда, Қытайға ет және ет өнімдерін жеткізуге шектеу қойылған, осыған 
байланысты қазақстандық тарап оларды алып тастау үшін жұмыс істеп 
жатыр. Себебі, Қазақстан нарығы кластер жұмысын аяқтау үшін жеткіліксіз 
болуы мүмкін. Бұған қоса, Қазақстанның ҚХР көршілес аймағында орна-
ласуы және көлік инфрақұрылымының ресімделген жүйесі Қытайға ет 
бағасын тиімді бағамен жеткізілуіне мүмкіндік береді.
***
Осылайша, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы қытай басшыларының 
«бесінші буыны» билігінің Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына 
байланысты қолданған жауабы еді. Сонымен қатар, бүгінгі уақытта Еура-
зиялық экономикалық одақ Қытайға оң әсер етуде, яғни баж салығының 
көтерілуіне байланысты теріс аспектілерден жағымды жағы асып түсуде. 
Қытайдың ЕАЭО-ты жағымды қабылдауы Қазақстан үшін оң рөл атқарады, 
өйткені аймақтағы ірі державаларға шамадан тыс бәсекелестік, яғни 
тараптардың біреуінің жеңуі немесе жеңіліс табуы тұрақсыздық тәуекел-
деріне ұшыратады.


181
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу 

бір жол» стратегиясының факторы
ЖЖЭБ-нің дамуы екіжақты ғана емес, сонымен қатар ШЫҰ ерекше рөл 
атқаратын көпжақты болады. Қытайдың ресми шенеуніктері мен маман-
дары Еуразиялық одақ шеңберіндегі экономикалық интеграциялық бағдар-
лама ШЫҰ бағдарламасымен сауданы кеңейтуден және интеграциялық 
топ құру жөніндегі жоспарларға инвестицияларды жеңілдетудің барлық 
мәселелеріне сәйкес келетіндігін атап көрсетеді.
«Бір белдеу – бір жол» қытай экономикасының бірқатар өндірістерін оның 
аумағына көшіру кезінде көрініс тапқан Қазақстан мен бүкіл Орталық 
Азияға қатысты Қытай саясатының жаңа элементі болды. Бірқатар тау-
арларға байланысты шекараларды жабу түріндегі қазіргі шынайылықты 
қабылдаған Қытай, бірнеше өндірістерді Қазақстанға көшіру туралы 
шешім қабылдады.
Бұл әрекет «алдын алу», яғни Бейжіңге бірқатар мәселелерді шешуге көмек-
теседі, оның бастысы болашақ нарықта экономикалық қатынастардың 
жаңа формасын құру болып табылады. Қытай билігінің өсуімен сыртқы 
саясатта және сыртқы экономикалық модельде құрылымдық өзгеріс бар. 
Осыдан біраз жыл бұрын Қытай дамып келе жатқан ел ретінде танылса, 
Сыртқы істер министрі Ван И Африкаға жасаған соңғы сапары кезінде 
Қытай қауіпсіздік пен экономикадағы жаһандық және өңірлік жүйенің 
жауапкершілігін түсінетін күш ретінде өзін танытты. Осы тұрғыдан жақын 
аймақтармен ынтымақтастық нысандарын кеңейту, қытайлық өндіріс 
салаларын орналастыру аймақтық Қытай саясатының жаңа деңгейіне 
өту болып табылады.
Өз кезегінде, Қазақстан әлемдік нарықтың тұрақсыздығы, әсіресе мұнай мен 
энергияны өндіру/тұтыну тұрғысынан алғанда, кез келген өндіріс нысанын 
дамытуға және инфрақұрылымға инвестицияларды қажет етеді. Сонымен 
қатар, көптеген қазақстандық өндірушілер қытайлық өнеркәсіпшілерімен 
бәсекелестікке түсе алмағандықтан дами алмай қалды. Қытай техноло-
гиялары мен салаларының келуі еліміздің индустрияландыруын жедел-
детуге мүмкіндік берер. Осылайша, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы 
Астанада толығымен түсінік тапты.


182
Қазақстан экономикасының трансформациясы


183
Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы:
өтпелі экономикасы бар елдер үшін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет