138
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Интеграциялық бірлестіктердің тиімділігін бағалауға назар
аударатын негізгі
көрсеткіш –экономикалық интеграцияның сауда бағытының басымдықтары
және сауда-саттықты белсендендіруге және тауарлардың ортақ нарығын қалып-
тастыруға бағытталған Кеден одағына қатысушы елдердің сыртқы сауда айна-
лымы болып табылады. Өзара сауда-саттықтың өсуі, әдетте одақтың тиімділігінің
белгісі ретінде түсіндіріледі және оның баяулауы кері бағытта қаралады.
Менің ойымша, ЕАЭО сауда айналымы және оның динамикасы әлемдік
сауда шарттары мен экспорттық тауарлардың баға жағдаятының жалпы
контексінен басқа интеграцияның тиімді өлшемі бола алмайды.
Белгілі болғандай, ЕАЭО-ның ең ірі экономикасы – Ресей мен Қазақстан эконо-
микасының негізгі экспорты, ол одақтық елдер экспортының 95%-ын құрайды,
бұл шикізаттың көптеген түрлері, соның ішінде бірінші кезекте көмірсутек-
тері. Осы шикізаттардың бағасы жоғары құбылмалылықпен сипатталады, бұл
ЕАЭО-да үшінші елдермен сыртқы сауданың көлемінде елеулі өзгерістерге
әкеледі (1-сурет). Сондықтан 2012 жылға дейінгі кезеңдегі тауар айналымы-
ның артуы және 2014–2016 жылдардағы төмендеуі экономикалық интегра-
цияның табыстары немесе жетістіктері емес, мұнай бағасының құбылмалы-
лығына байланысты экспорттаудың өзіндік құнының өзгеруімен түсіндіріледі.
139
Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалары
мен тәуекелдері
1‑сурет. 2010–2017 жж. үшінші елдердің сыртқы сауда көлемімен
Достарыңызбен бөлісу: