Конспект жасау Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі28,88 Kb.
#94507
түріКонспект
  1   2
Байланысты:
303 эконо 3 тема


Тақырып. Қазақстан экономикасының даму кезеңдері
Тапсырма
Конспект жасау

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 жылы Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады
Қазақ елiне орыс капиталының енуi өлкеде өнеркәсiптiң дамуына түрткi болды. Қарағанды көмiр кенiшiУспен мыс өндiрiсiСпасск мыс қорыту зауыты, Қалба алтын кен орындары, т.б. iрге көтердi. Кәсiпкерлер өлкенiң аса бай табиғи қорларын рәсуа етiп, бей-берекет пайдаланды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн: терi илеу, былғары жасау, май шайқау, май айыру, сабын қайнату, т.б. өнеркәсiп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай кәсiпорындар қарапайым ғана техникасы және 3 — 5 жұмысшысы бар жартылай қолөнерлiк шағын майдагерлiк сипатта болды. Бұл кезеңде ауыл шаруашылығы шикiзатын өңдейтiн қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары сипатындағы алғашқы ұлттық өнеркәсiп орындары қалыптасты. 1900 жылы Қазақстанда 2668 өнеркәсiп болса, 1913 жылы олардың саны 6000-ға жеттi. Орыс капиталынан кейiн iле-шала Қазақстанға (әсiресе 19 ғасырдың аяғында), негiзiнен кен өнеркәсiбiне, шет ел капиталы да ене бастады. Орыс және шет ел монополияларының Қазақстандағы акционерлік капиталы 71 млн. сомға жеттi. Ол негiзiнен кен және мұнай өнеркәсiптерiн қамтыды. Зауыттарды, кенiштер мен бай кен орындарын иемденiп алған шетелдiктер Қазақтанда өндiрiс салаларын дамытуды мақсат етпедi. Олар мүмкiндiгiнше мол пайдаға кенелудi ғана көздедi. Осы кезеңде Қазақстанның едәуiр жерiнде темiр жол тартылды (қ. Темiр жол көлiгi), Сiбiр және Орынбор – Ташкент темiр жолы салынды. 1917 жылы оның жалпы ұзындығы 2793 км-ге жеттi. Мұның өзi Қазақстанның түрлi аудандарының арасындағы экономикалық байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк ашты. Солтүстік аймақтарда саудалық егiншiлiк аудандары және бүкiл Қазақстан аумағы бойынша тауарлы мал шаруашылығы аудандары пайда болып, Қазақстан ауыл шаруашылығының тауар-ақша қатынастарына тартылуы күшейе түстi. Темір жол стансалары мен аймақтардан iшкi аудандарға жүк таситын және жүк алып қайтатын жергiлiктi көлiк, пошта байланысы кәсiпкерлiк қызмет аясына айнала бастады. Кәсiпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ кәсiпкерлерi ұстап отырған пошта бекеттерiнде 8 — 10 ат айдаушыға дейiн жұмыс iстедi. Алайда, өнеркәсiп пен көлiктiң дамуы өте төмен деңгейде қалды. Өлкенiң жалпы ұлттық табысындағы өнеркәсiп өнiмiнiң өзiндiк үлес салмағы 10%-дан аспады. Капиталмаман жұмыс күшi, байланыс және көлiк құралдары жетiспедi. Оның үстiне патша өкiметi қазақ өлкесiн өзiнiң шикiзат көзi, тауар өткiзетiн рыногi, отарлықшылауы ретiнде ұстауына мүдделi болды.
Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның iшiнде халық шаруашылық органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т.б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына социалдық меншiктi орнату, халық шаруашылығын жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т.б. негiздерiнде социалдық экономикалық жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экономикалық, әлеуметтік өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акционерлік қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту зауыты, Атбасар мыс кенiнiң зауыттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал — Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi.
2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941—45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған зауыттар мен фабрикаларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургиямұнай өндiру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Матажүн иiрутоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазақ металлургия зауыты, Текелi полиметалл комбинаты, Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру зауыты, кен байыту фабрикалары, кенiштер, Қаратау кен-химия комбинаты, электр станциялары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км темір жол желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1,5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия зауыты 1944 жылы желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңтүстік Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көлемі 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру зауыты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия зауыты (1944), Қарағанды синтетикалық каучук зауыты (1943), Қостанай жасанды талшық зауыты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру зауыты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкент пресс-автоматтар зауыты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура зауыттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255,4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлшері 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 жылы мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмiр — 1,7, электр энергиясын өндiру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада ауыл шаруашылығы салалары тез дамыды. 1942—1943 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс көлемі 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет