Құданың қасына мекен пысықтауыш болып тұр. Ол сөйлемдегі мекендік мағына қасында көмекші есімде бар т.б. Көмекші есім сөз тіркесінің дербес бір сыңары болмайды дедік. Егер мысалдарға жүгінетін болсақ, «Таудың самалы — дертке дауа» дегендегі матасу мен «Есіктің алды — ағын су» дегендегі матасу бірдейемес. Бірінші матасуда меншіктеуші, меншіктелуші бар, екінші матасуда ондай қатынас жоқ. Бірінші матасуда бірінен екіншісіне сұрау қоюға, басыңқы, бағыңқы сыңарларын анықтау болады. Есіктің алды дегеңде әр сөз жеке сұрауға жауап бере алмайды, оларда басыңқы, бағыңыңқы сыңар жоқ. Бірақ оны күрделі сөз деуге де болмайды, аналитикалық форма деуге болмайды, Сондықтан кейбір ғалымдардыңекінші есім есімдерден морфологиялық жақтан да өзгешеленеді деген пікірінде аздап шындық бар. Біз көмекші есімді зат есімдерден морфологиялық жағынан мүлде ажыралып жатады деушілерге қосылмаймыз. Көмекші есімдердің тек тәуелдік жалғау формасында ғана қолданылуы — оның біртіндеп зат есімнен морфологиялық жақтан ерекшелене бастағандығын көрсететін белгі. Осындай зат есімнен ерекшелене бастаған бір белгі ретінде көмекші есімдердің кеңістік септік формасында көп қолданылуын, грамматикалық септіктерде аз қолданылуын да көрсетуге болады.
Осы даму барысын ары қарай жалғастыра берсе, белгілі бір мағынада, белгілі бір грамматикалық формаларда арнаулы септік жалғауымен тіркесетін шылаулар қатарына өтуі мүмкіндігі жоқ емес. Мысал ретінде бойы, арқасында сияқты шылауларды көрсетуімізге болады. Қазақ тілінің академ грамматикасында көмекші есімдер тарауын жазған Р.Әміров «Көмекші есімдер басыңқы сөзбен ылғи изофетпен қатынаста келеді. Бірқатар көмекші есімдер изофеттен тыс тіркесте де жұмсалына алады. Олар мыналар: төңірек, айнала, маң, жақ. Мұндайда бұл сөз басыңқы сөзбен қабыса байланысады. Мысалы: қалажақта, осы төңіректе т.б. Төңірек, айнала атау сөзге иек артпай дара, жеке тұрып, өз алдына сөйлем мүшесі ретінде жұмсалынады.
Мысалы, Төңірек тып-тыныш»,—деп жазады. Аты аталынған әр сөздің тәуелдік жалғауынсыз қолданылатындығын тек қазақ тілі материалы ғана емес, басқа түркі тілдерінің материалдары да дәлелдей алады. Бірақ олардың, көмекші ретінде қолданылатындығын естен шығармау керек.