Дидактикалық ойын.
«Пойыз» ойыны. «И» дыбысы басында кездесетін сөздерді вагонның басына, ортасында кездесетін сөздерді ортасына,соңында кездесетін сөздерді вагонның аяғына жабыстыру керек. .Балаларды біртіңдеп тақтаға шығарып, «И» дыбысы басында кездесетін сөздерді жабыстыратын кезде екі қолды көтеру, ортасында кездесетін сөздерді жабыстыратын кезде екі қолды шапалақтау, соңында кездесетін сөздерді жабыстыратын кезде жерді тепкілеу.
Сергіту сәті: Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Сұрақ-жауап:
-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-И дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па ?
-И дыбысына байланысты сөздер қандай сөздер білесіңдер?
Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: «И» дыбысының артикуляциясын қайталай алады.
Түсінеді: «И» дыбысы дауысты екенін қызыл текшемен белгіленетінін түсінеді.
Жасай алады: «И» дыбысын танып, сөздердердің арасында таба алады.