Конспект Тақырып: Стилистика



Дата02.05.2020
өлшемі30,5 Kb.
#65534
түріКонспект
Байланысты:
СӨЖ 5 апта


Конспект

Тақырып: Стилистика

Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – стиль. Стиль терминінің мазмұны кең, қолданысы өміршең. Стиль – латын тілінен енген (қазақша – жазу құралы) дəлірек айтсақ, балауызбен сырланған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу құралы» деген мағынада қолданылған. Стилистика – ең алдымен, стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегілексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық тəсілдердің қолданылу принцептерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тəсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте əсіресе, тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бəріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол жалпы халықтық тіл деп аталады. Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша жəне жазбаша түрлері болады. Тілдің ауызша жəне жазбаша формалары əдеби тіл мен стильдерінің қалыптасуына негіз болады. Əдеби тіл - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған, сымбатталған, нормаланған, жүйеленген, жалпыға түсінікті, стильдік тармақтары белгіленіп, қоғамдық қызметі тұрақталған, жетілген, ең жоғарғы сапалы түрі болып табылады. Стилистиканың міндетін жалпыхалықтық тіл мен əдеби тілден бөліп қарауға болмайды. Əдеби тілдің қоғамдық қызметінің жан-жақты кеңеюімен байланысты оның жанрлық-стильдік тармақтары қалыптасады, дамиды. Стиль ұғымы сөйлеудің ауызша жəнс жазбаша формаларымен байланысты қаралады.Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық тəсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Мəселен, сөздер белгілі бір затты атап, денотат мағынасымен қатар, эмоциялық, экспрессивтік, бағалауыштық, функционалдық-стилистикалық компонеттерден құралатын коннотативтік мағынаны да білдіреді. Тіліміздегі сөздердің лексикалық жəне грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрессивті бояу немесе тілдің стильдік сапасы немесе мəнерлі тəсілдері деп те атайды. Коннотация (лат. connoto - қосымша мағынасы бар) – тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды, стилистикалық рең білдіруі. Тіл қатынас құралы емес, ол э с т е т и к а л ы қ та құрал. Демек, тіл арқылы бір-бірімізгс жақсы əсер етуді көздеп, тілдік көріктеу құралдарын танып дұрыс жұмсауға тырысамыз. Ол да тіл мəдениетінің бір мəселесі. Ал бұлар тілдің лексикология, грамматика, фонетика, фонология салаларымен астарласып жатады, жазу таңбалары -графикаға, жазу тəртіптеріне (о р ф о г р а ф и я ғ а) назар аудартады. Сөздің стилистикалық қызметіне қатысты мағыналық реңктері болады.Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғымдары бір-біріне жақын. Стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктердің мағыналық қққұрылымындағы оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл мағынатілідк қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады. Стилистикалық мағына экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кейбіреулерінде контекстік жағдайда ғана айқын көрінеді. Тіл мəдениетінің өзегі - н о р м а туралы ұғым. Норма тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады. Т і л д і к ж ү й е дегеніміз тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тəртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері. Тілдік нормалардың "табан тірер" жері тілдік құрылым, тілдік құрылымның "арқа сүйері" тілдік жүйе.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет