«Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы» Тіл дамытудың оқу іс-әрекетінің конспекті «Шұбар тауық» ертегісі
Балалардың тілін дамытудағы мақсаты:
– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
– Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.
Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеледі.
Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе – келе біртіндеп жетіліотыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»:«Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», -делінеді.
Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңызертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту – тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай – қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», -деген болатын. Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой – өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана – сезімін, ой – өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым -қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс – әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабқшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге басаназар аудару қажет. Оқу жылында жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой – өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) көрсетіп жоспарлайды. Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын іріктеп алып (тақырыпты) жоспар жасайды. Бақылатын көрсету, әңгімелесу кезінде баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу. Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой -өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту – үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады. Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.
1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр – түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.
Ә) Бөлмедегі 10 – 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр – түсін, пішінін айтады.
Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.
В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп, олардың не екенін, не үшін қажеттігін,сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір – бірінен даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерін байқау мақсаты көзделеді. (Әр түрлі жастағы балалардың сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемелік құралдар бар) . Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Балалабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу,жаңа сөздер қамтылатындай түрлі ойындар арқылы тіл ұстарту, көру, есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру,балаларды сөйлесе білуге , сөйлемдерді дұрыс айтуға,тәрбиешінің сұрағын түсініп,дұрыс жауап беруге баулу мақсаттары көзделеді.
Ересек балалар тобында бұрынғы топтарда үйренгендерін тереңдете түседі. Ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әр оқу іс-әрекеті сайын тақырыпқа сай түрлі суреттер, кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар бойынша электронды кітаптармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп санаймын. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып отырады.Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып отырамыз. Соның бірі «Ойын» технологиясы. Балалның танымын алғашқы күннен бастап дамытуда,оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті. Ойын дегеніміз-жас ерекшелігіне қарамайтын,адамның көңіл күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс.Ойын арқылы балалар өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Әр бала ойнау үшін алдымен ойланады,ойлана отырып ойнайды.Кез келген бала еш уақытты жалғыз ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе жүріп,пікірлесіп әсер алысады,ойынның мазмұнын анықтайды.Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Бала жалғыз ойнағанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау қабілеті болып табылады.Түрлі заттарды пайдалана отырып, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасайды,тәжірибе жинақтайды.Ойын баланы ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп дамытады,баланың ойын өрбітіп,тілін дамытып, бойын өсіреді. Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, қиялын дамытады.
Мысалы:«Аз-көп»,«Жақсы- жаман»,«Қыс-жаз»,«Жоқ-иә»,Он саусақ»,«Моншақ»,«Мен бастайын,сен аяқта»,«Жалғастыр»,«Не артық?»,«Есіңде сақта» т.б
Ойын арқылы баланың тілін дамыту.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі
тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге , өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: -балалардың сөздік қорларын дамыту; -жаңа сөздерді меңгерту; -үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы менқұлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстіндеқалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгіжастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршағанүлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бірәрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялықжаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезімәрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау,қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Сонымен балалардыңсөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соныңішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзікқимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолыныңептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. ІІ. Негізгі бөлім. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқанактивті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста жәнемектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпенұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзіқызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдыңикемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Ұсақ моториканы дамытудыңмаңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата –аналарғаұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланықызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған
мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап,мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдыңикемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қолқимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата –аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда оларосындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушылық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешігеде қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата-аналарға,олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілініңдамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканыңмәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруықалыпты деген сөз емес. Егер 4 – 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу-орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес. Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарлардықабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек . Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындықболмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын.
– жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз.Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпенән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмызғой. Бір жастан асқан балалар үшін:
– саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.
Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту
Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
– театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
– сөздік қорларын байыту;
– ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
– кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
– байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Әдіс-тәсілдер:
– балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
– қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
– қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)
– ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жұмыстың нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
– балалар тілі дамиды;
– сөздік қорлары толығады;
– байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
– дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
– театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны «сиқырлы өлке» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов
Театр түрлері:
– Қуыршақ театры.
– Саусақ театры.
– Көлеңке театры.
– Ойыншықтар театры.
Халықтың асыл қазыналары – ауыз әдебиеті аңыз-әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздерден тұрады. Балалардың ақыл-ойын дамытуға аңыз –әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын естеп сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл-ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертедегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі– ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды. Бұрынғы уақытта балалар көбінесе ата-әже бауырында өскен. Олар үлкендердің ертегі, әңгімесін тыңдап, зейін қойып өскен. Ол балалар үлкенге құрмет, кішіге мейірімді, ілтипатты болған. Қазір көбінесе теледидар немесе компьютер алдында отырады да кино, көп сериялы мультфильмдер көреді.
Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт – бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.
«Балдәурен» балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы: «Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы»
Дайындаған: Байкенова Д.К
2019-2020 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |