Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет2/26
Дата08.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#167944
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

Қорытынды сұрақтары:

  1. Қазіргі қоғамдағы қазақстан тарихы курсының мәні неде

  2. Тас дәуірінің негізгі кезеңдері, ерекшеліктері



Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанныңтасдәуірі (зерттелутарихы мен негізгімәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.

  2. Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.

  3. Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с.

  4. История древнего Казахстана. Под редБайпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.

  5. Подушкин А.Н. Арысская культура Южного Казахстана IV в. до н.э. – VI в. н.э. – Туркестан: МКТУ, 2000. – 202 с. 



2 – Тақырып. Қазақстан тарихын кезеңдеу. Көшпелілер өркениетінің қалыптасуы.


Мақсаты: Қазақстан тарихын оқытуда негізгі зерттеу мен оқыту методологиясына сүйене отырып, негізгі кезеңдерге бөлу. Көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғы шартын анықтау.
Дәріс мазмұны:
1. Қазақстан тарихын кезеңдеу
2. Көшпелілер өркениетінің қалыптасуы.


Түйін сөздер: тарих, кезең, ғасыр, тас, қола, темір, өркениет, көшпенділер.


Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазақстан тарихын кезеңдеу:1980 жылдары аяғы мен 1990 жылдарының басында елде қалыптасқан демократиялық үрдістерге байланысты отандық тарихшылар еліміздің тарихын оқыту барысында тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады:

1) Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн – б.д.д. VIII ғасырға дейін (тас ғасыры, қола дәуірі).

2) Ежелгі кезең б.д.д. VIII ғасырдан б.д. VI ғасырына дейінгі уақытты қамтиды.(сақ, ғұн, үйсін, қаңлы).

3) Орта ғасырлар кезеңі Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып,XVI ғасырдың аяғына дейін созылады (Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы).

4) Жаңа дәуір XVII ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты алып жатыр. Бұл кезеңді үш дәуірге бөліп қарастыру орын алған:

-XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңде Қазақ хандығы Орта Азиядағы ең мықты, дербес көшпелі мемлекет ретінде қалыптасты;

- XVIII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың аяғына дейінгі уақыт. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күрес (жоңғарлармен, Еділ қалмақтарымен,Орта Азия хандықтарымен, башқұрттармен, түркмендермен т.б.) жүргізді;

- XVIII ғасырдың аяғынан басталып XX ғасырдың басына дейін созылады.Бұны Ресей империясының отарлау саясатының кезеңі деп алып, тәуелсіздік идеясының, ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сипатта дамуы қарастырылады.

5) Қазақстан Кеңес дәуірі кезінде. Бұл кезең Кеңес үкіметі орнаған 1917 жылдан басталып, 1991 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңге кейбір отандық тарихшылар кеңестік отарлық кезең деген атау беріп жүр. Оның өзіндік себебі де бар: 74 жылға созылған Кеңес үкіметі тұсында орталықтың (Мәскеудің) экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік жағынан үстемдігі орнады.

6) Егеменді Қазақстан. 1991 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуынан басталып, осы күнге дейінгі тұрақты түрде дамып келе жатқан кезеңмен аяқталады.

2.Көшпелілер өркениетінің қалыптасуы.



  • Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері

  • Көшпеліліктің шығу тегі




  • Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық даму жүйесі, шаруашылық - мәдени типі. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Көшпелілер туралы әр түрлі түсініктер Көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда - ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы - жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
    Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе,
    Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы - егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама - қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.

ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген тұжырымдар айтты
Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам".
Көшпелілік кеңес ғылымында ХХ ғасырдың 20 — 40 - жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік - лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды", — десеП. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.
С. П. Толстовтың пікірі бойынша: "Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды". "Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?" деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: "Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады", — дегенді айтты.
Екінші бір топ зерттеушілер: "Еуразия көшпелілері патриархалдық - феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды", — деген пікірді ұстанды.
Археолог К. Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б. з. д. ІХ — VIII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.

Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар және олардың экологиялық жүйесі қандай? Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Арабия түбегі, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады.


Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдыц аймацтар қалыптасқан. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылыц пен мэдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерінде жылына 500 мм-ден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық-мәдени тұрпаты қалыптасты.
Табиғи-климаттың өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген тұрғындардың шаруашылық мәдени келбетінің әр замандарда өзгеруіне әсер етті.
Климатологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша, жекелеген құрлықтарда жаһандық климаттық өзгерістер 100—200 жыл өткен сайын болып отыратын құбылыс. Қазақ халқының ата-бабасы өмір сүрген кең-байтақ аумақ бірнеше рет климаттың өзгерістерді бастан кешірді. Ол халықтың өмір сүру салтына, шаруашылық-тұрмыстық өміріне, мәдени дамуына, т.б. әсер етпей қоймады. Сондай-ақ ол жекелеген табиғи-географиялық аймақ тұрғындарының белгілі бір антропологиялық типінің қалыптасу үдерісіне де өз ықпалын тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет