Конспектісі ele 3216 «Электротехника» пәні esozh 07 «Электротехника, стандарттау және өнеркәсіптік желдету»



бет22/23
Дата25.12.2023
өлшемі2,88 Mb.
#199092
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лекции элтех каз ОПИ 3
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Синхронды қозғалтқыштар
Синхронды қозғалтқыштың синхрондық генераторлардан құрылысы жағынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Генератордағы сияқты синхронды қозғалтқыштың статорында үш. фазады орама орналасқан. Оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқанда минутына жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісін Фр туады. Қозғалтқыш роторында тұрақты ток кезіне қосылатын қоздыру орамасы орналасқан. Қоздыру тогы полюстердің магнит ерісін Фт туғызады. Синхронды қозғалтқыштың айналу жиілігі, қоректендіруші желі тогының жилігі өзгермесе., қатаң түрде тұрақты болады.
Синхронды қозғалтыштардың негізгі артықшылығына олардың озық ток тұтынып жұмыс жасау мүмкіндіктері жатады, яғни қозғалтқыш желі үшін сиымдылықтық жүктеме болып табылады.
Синхронды қозғалтқыштың асинхрондық қозғалтқыштарға қарағанда артықшылығына желі кернеуінің өзгеруіне сезімтал еместігі де жатады.
Син)фонды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса, ал асинхронды қозғалтқыштарында ол кернеудің квадратына пропорңионал.
Синхронды қозғалтқышты желіге тікелей қосу арқылы жүргізіп жіберу мүмкін емес, өйткені статор орамасын желіге қосқанда айналмалы магнит өрісі пайда болады, ал ротор қосу сәтінде де қозғалыссыз, соның салдарынан статор мен ротордың магнит өрістері өзара әрекеттеспейді, яғни қозғалтқыш айналдырушы моментін дамыта алмайды. Сондықтан қоздырғышты ісқе қосу күшін ротордың айналу жиілігін алдын ала синхронды не болмаса соған жақын жиілікке жеткізу керек.
Қазіргі уақытта көбінесе синхронды қозғалтқыштарды асинхронды жүргізіп жіберу деп аталатын тәсіл қолданылады.


Негізгі әдебиеттер:



  1. Туғанбаев Ы. Т. Электротехниканың теориялық негіздірі: Оқулық. /Ы. Т. Туғанбаев Алматы: Экономика. 2012. 500 б.

  2. Ахметбаев Д.С. Электр техниканың теориялық негіздері : оқулық электроэнергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына арналған, докторанттар мен инженер-техник мамандар үшін де пайдалы / Д. С. Ахметбаев ; Алматы энергетика және байланыс университеті. - Алматы : ЖШС "Лантар Трейд", 2019. - 329 б.

  3. Есимханов, С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері (Айнымалы тоқтың электр тізбектері) [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / С. Б. Есимханов, 2014. - 64 б.

  4. Алимгазинова Н.Ш., Манапбаева А .Б. Электр техниканың теориялық негіздері: бaкaлaвриaт мaмaндықтaрының студенттеріне aрнaлғaн, ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 2017- 228б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Блохин, А. В. Б70 Электротехника : учебное пособие / А. В. Блохин. – 2-е изд., испр. – Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2014. – 184 с.

  2. Электротехника и электроника: краткий курс лекций / Сост.: О.Н. Чурляева // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016. – 86с.

  3. Макенова Н.А. Решебник по электротехнике: учебное пособие / Н.А. Макенова Хохлова Т.Е., Томский политехнический университет.-Томск. Из-во ТПУ,2015-165с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет