“Конституция”-латын тілінен аударғанда “құрлыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз.
“Конституция”-латын тілінен аударғанда “құрлыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз.
Конституция – Ата Заңымыз елімізде 1995 жылы қабылданды.Ата Заңымыз әділетті, асқақ та абыройлы міндетті атқарады.Біз заңымызды құрметтеуіміз керек.
Өркениетті қоғамның
өзгермейтін кепілі
«Конституция-біздің асқақ абыройымыз»
Ата Заңым - сен боласың әрқашанда айбыным, Сенсіз бәлкім туылмайды менің жаңа ай, күнім. Мен еңсемді түсірмеспін ,түсірмеспін сен барда, Сен менің көктен биік саналатын байлығым. Сенің арқаң Ата Заңым , қазақ биік белесте, Қасым хан мен Есім хандар осы заңнан, Осы заңнан бастау алған емес пе?! Әр азамат сені сақтар мәңгі есте.
Оқушыларға сұрақтар:
1. 30 тамыз қандай күн? Ал 1-ші қыркүйек ше?
2. Сендер нешінші жыл мектепке келіп тұрсыңдар?
3. Біз қандай елде тұрамыз?
4. Қандай мемлекеттік рәміздеріміз бар?
5. Еліміздің бас қаласы қай қала?
6. Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
7. ҚР-сын кім басқарады?
8. Ата заң бізге не үшін керек?
.
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді, Аямай-ақ, менен ал керегіңді, Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп, Түгендеумен келемін берерімді. Анық басып тірлікте әр ізімді, Адалдықпен өтесем қарызымды. Отан үшін, ел үшін ешқашанда, Ерінбеймін ақтаудан парызымды
Бұл заңда құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың. Сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп жарық та, кең, әдемі бөлме жақсы білім алып, өз Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Конституцияда сенің міндеттерің айқын көрсетілген.
30-бапта: «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі, орта білім алу міндетің».
36-бапта: «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті».
Мұғалім:Сонымен біздің Ата заңымыз адам денсаулығына, өміріне, қамқорлық жасап қорғауға міндетті. Біз өмір сүріп жатқан ортамызға ешқандай зиян келтірмеуіміз және заңды бұзуға ешқандай құқығымыз жоқ екенін дәлел етеді.
Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы біреу ғана, олай болса біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді.
Сендер бүгінгі оқушылар болсаңдар, ертеңгі Қазақстанның болашақ азаматтарысыңдар.
Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты, қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман тоғай елімізді.
5-оқушы: Қазақстан – атамекен, жер-анам,
Ата-баба өсіп-өнген кең далам,
Қазақстан – сенде туып, сенде өстім,
Қарыздармын сол үшін мен саған.
Қорытынды.
Мұғаліім: Бүгін қандай күн?
- Оқу инемен құдық қазғандай дегенді қалай түсінесін?
- Адамзаттың басты құндылықтарын ата?
- Өз құқықтарыңды және міндеттеріңді, заңдарды білу ғана емес, оларды іс жүзінде орындау.
- Сендердің қазіргі міндеттерің?
- Отан туралы не айтасың?
- Қазақстанның болашағын қалай елестетесіңдер, ол туралы пікірлерің?
- Қазақстанның нағыз азаматы болғың келсе, сен қазірден бастап жақсы оқып тәрбиелі ұқыпты, жаныңдағы достарыңа үлгілі оқушы болуың қажет.
Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты,қажыр-қайраты мол,ақылды да ойлы,білімді және дарынды жастар керек! Н.Ә.Назарбаев
Ерғазина Бағлан бастауыш сынып мұғалімі Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді селосы Жамбыл бастауыш мектебі