Конституция Республики Казахстан



бет10/32
Дата13.12.2021
өлшемі58,79 Kb.
#125277
түріЗакон
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
10 тест

На казахском языке:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт қалай аталады? Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейтін, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі үшін әзірленетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті қалай бекітіледі: Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулысымен

  3. Көрсетілетін қызметті беруші неге құқылы?: Орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар

  4. Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі? Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекітеді

  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға? «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

  7. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті: Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұратады

  8. Мемлекеттік көрсетілетін стандарттар бекітілген және қолданысқа енгізілген соң қандай нормативтік акті әзірленеді және бекітіледі? Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті

  9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын талқылау қандай мақсатпен жүргізіледі: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру

  10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын талқылау қандай мақсатпен жүргізіледі: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру

  11. Нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе? «Электрондық үкіметтің» веб-порталы

  12. Мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе? Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі

  13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың құзыреттерінің бірі: Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды

  14. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қандай нысанда құрылады?: Коммерциялық ұйым болып табылмайтын акционерлік қоғам

  15. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты қалай бекітіледі?: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет