На казахском языке: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган: жергілікті атқарушы орган (әкімдік)
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын сайланбалы орган: жергілікті өкілді орган (мәслихат)
Жергілікті өзін-өзі басқару органы болып табылады: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар
Әкім аппараты – бұл: жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы Алматы қаласы мен астана аумағында қалай қолданылады?: жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме
Жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады: жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы
Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға кімдер құқылы?: аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі
Мәслихаттар мен әкімдіктер қабылдайтын аумақтарды дамыту жоспарлары неге сәйкес келуі тиіс?: Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына
Мәслихаттар сайланады: бес жылға
Мәслихат депутаты болып сайлана алады: Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы
Мәслихаттың өкілеттігі қашан аяқталады?: жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда
Мәслихат депутаты әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған жағдайда: өз өкiлеттiгiн сақтайды және қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Мәслихаттың заңды тұлға құқығы бола ма?: болмайды
Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын … мәслихаттың актiлерi болып табылады: мәслихаттың шешімдері